Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | САҚТАНДЫРУ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІ

Заңды тұлғаларға кассалық есеп айырысу қызметін көрсету – клиентке (заңды тұлғаны құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға (бұдан кейін – «ЖК») немесе заңды тұлғаға) аудармалы және кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызмет кешені.

«Kaspi Bank» АҚ (бұдан кейін – «Банк) өзінің клиенттеріне теңгемен және шетелдік валютамен есеп айырысу саласындағы қызметтерінің тізбесі қазақстандық және халықаралық банк нарығындағы барлық салаларды дерлік қамтиды.

Біздің Банк теңге және шетелдік валютамен жүргізілетін мынадай кассалық есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады:

  • Клиенттердің ағымдағы банктік шоттарын ашу/жабу;
  • Ұлттық және шетелдік валютада жүргізілетін аудармалы операциялар;
  • Кассалық операциялар;
  • Валюталық бақылау;
  • Айырбастау операциялары;
  • Қосымша қызмет.
Жалпы ережелер

Ағымдағы банктік шоттарды ашу:
Ағымдағы банктік шоттар теңгемен немесе шетел валютасымен ашылуы немесе жүргізілуі мүмкін.

Ағымдағы банктік шоттар Клиенттерге Банк пен Клиент арасында жасалған ағымдағы банктік шот шартының негізінде ашылады. Ағымдағы банктік шот ашу рәсімі Клиенттің шот ашу туралы өтінішін және қажетті құжаттардың пакетін (№2 қосымша) беруінен басталады. 

Ұлттық және шетелдік валютамен жүргізілетін аудармалы операциялар:
Ақша аударымдары ақша жіберушінің Банкке берген нұсқауының негізінде, теңгемен жүргізілетін төлемдік талап-тапсырманың негізінде және Қазақстан Республикасының заңдары аясында шетелдік валютада жүргізілетін аударымға өтініштер негізінде жүргізіледі.

Кассалық операциялар
Банк қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, қолма-қол валютаны сату/сатып алу, қолма-қол ақшаны айырбастау және алмастыру, банкноталардың түпнұсқалылығын тексеру бойынша қызмет көрсетеді.

Валюталық бақылау
Валюталық операциялар бойынша халықаралық есеп айырысулар өткізгенде, Банк Қазақстан Республикасының валюта заңдарын басшылыққа ала отырып, валюталық бақылау агентінің қызметтерін жүзеге асырады, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • өзінің, сондай-ақ клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды өткізгенде, ҚР валюта заңдарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
  • өткізілетін валюталық операцияның ҚР заңдарына сәйкестігін айқындау;
  • төлемдердің негізделуін және оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болуын тексеру (тіркеу куәлігі, хабарлау туралы куәлігі қажет болғанда);
    валюталық операциялардың есебін жүргізу және есеп берудің объективтілігі мен толықтығын тексеру;
  • он мың АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша репатриация талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Банк мәміле паспортын ресімдеу, келісімшарт бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтамаларды беру бойынша ақылы қызмет көрсетеді, сондай-ақ валюталық бақылау мәселелері бойынша ақысыз кеңес береді, алдын ала клиенттің өтініші бойынша шарттар мен оның қосымша келісімдерін тексереді.

Конверсиялық операциялар
Банк оңтайлы мерзімдерде мынадай операцияларды жүргізеді: сатып алу/сату, қолма-қол жасалмайтын шетелдік валютаның кросс-операциялары. Клиенттерге Банкпен алдын ала келісілгенде, қолайлы бағам бойынша көп көлемде конверсиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Валюталарды айырбастау операциялары «күнбе-күн» немесе келесі күні жүргізіледі. Банк-корреспондент арқылы кросс-операцияларды өткізгенде, айырбастау банк-корреспонденттің бағамы бойынша жүргізіледі.

Қосымша қызметтер:
Банк жалпы операциялармен қатар мынадай қосымша қызметтерді жүзеге асырады:
  • Көшірмелердің апта сайынғы жеткізілімі;
  • Ағымдағы банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем құжаттарының ақысын төлеу;
  • Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды жіберу;
  • Факсимильдік байланыс қызметі;
  • Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды даярлау және қағазға шығару және т.б.
Қосымша қызметтер клиентке қызмет көрсетуді жылдамдатуға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Біз клиенттерге Бас банктің операциялық бөлімшелерінде және Банк филиалдарында сол аймақтағы ақшаны аккумуляциялау мақсатында және бұдан былай ақшаны Клиенттің көрсетілген ағымдағы банктік шотына Банктің ішкі төлем жүйесі бойынша аудару арқылы ашылған транзиттік режимдегі ағымдағы банктік шоттарды (бұдан әрі – «транзиттік шоттар») ұсынамыз.

Сондай-ақ Банк жеке тұлғаларға – клиенттің – тізімге сәйкес заңды тұлға қызметкерлеріне ақша төлеу бойыншаі қызметті ұсынады.

Қызметтің бұл түрі клиентке (заңды тұлғаға) клиенттің (заңды тұлғаның) өзі жоқ аймақтарда және ақшалай чек бойынша қолма-қол ақша шығаруға мүмкіндік болмағанда, жеке тұлғаларға бір реттік төлемдер (жалақы, сақтандыру төлемдері, бонустар, материалдық көмек және т.б.) жүргізуге қажет болғанда пайдаланылады.

Қызметті көрсетуге берілетін көлем: бір тізімдегі 1-ден 20-ға дейінгі жеке тұлғалар саны. Бұл қызметтің артықшылығы: Клиент үшін төлемді даярлау мерзімі біршама қысқарады, сондықтан жеке тұлғаға банктік шот ашудың қажеті жоқ.

Клиентке берілетін артықшылықтар мен пайдалар
  • Бас банктің операциялық күнінің  Клиент үшін қолайлы жұмыс уақыты: 08:30-дан 16:00 дейін.
  • Қызметтерді уақыт пен сомасына қарай бөлу, осыған орай шығындарды, кассалық есеп айырысу қызметтерін азайту.
  • Әр клиенттің ыңғайын табу.
  • Банктің тармақталған филиалдар желісі.
  • Клиенттерге тез және сапалы қызмет көрсету.
Ағымдағы банктік шот шартын мерзімінен бұрын бұзу талаптары
Клиенттің бастамасымен ағымдағы банк шотын жапқан жағдайда, Клиент шотты жабудың себебін көрсетіп, өтініш жазуы тиіс. Шот Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сай жабылады. Бұл кезде Клиент банктің тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлейді.

Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша өз қалаңыздағы Банк филиалына немесе мына телефондар арқылы (727) 258-59-65 Call Center хабарласуыңызды өтінеміз.





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

Қазақстанның аймақтары үшін
8-800-080-18-00

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР



Барлық қалаларды қарау

Ең ҰЗАҚ несие беру мерзімі!


Айыппұлды тексеру

i – БАНК

Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі

жүйеге кіру




КЕПІЛДЕГІ МҮЛІК

 
     
© 2005–2017 АО "Kaspi Bank". Лицензия №1.2.245/61
ДеректемелерИнвесторларға арналған ақпарат