Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін
2017 жылғы 29 мамырда өткен Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабар
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2017 жылғы 29 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлайды.

17 347 706 дауыс беретін акцияларды (Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 98,8%) иеленетін 1 акционер қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілсін:
    Күн тәртібі:

     

    1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
    2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2016 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
    3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2016 жыл үшін таза кірісін бөлу тәртібін және «Kaspi Bank» АҚ бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерлерін айқындау туралы;
    4. 2017, 2018 жылдары «Kaspi Bank» АҚ жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
    5. «Kaspi Bank» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды 2016 жылы қарау қорытындылары туралы ақпарат;
    6. «Kaspi Bank» АҚ Есеп комиссиясының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, «Kaspi Bank» АҚ Есеп комиссиясының жаңа мүшелерді сайлау және сандық құрамын және өкілеттіктерінің мерзімін айқындау туралы;
    7. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістерді бекіту туралы;
    8. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережесі жаңа редакцияда бекіту туралы;
    9. «Kaspi Bank» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;
    10. «Kaspi Bank» АҚ-тың Есеп комиссиясы туралы ережесі жаңа редакцияда бекіту туралы;
    11. «Kaspi Bank» АҚ-тың орналастырылған акцияларын сатып алу ережесін және сатып алынатын акциялардың құнын анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту туралы;
    12. 26.09.2008 ж. Акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген «Kaspi Bank» АҚ-тың Резервтік капиталы туралы ереженің қолданысының күшін жою туралы.
    13. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау және шығыстарын өтеу туралы.

     «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2016 жыл үшін шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі Аудитордың Есептерін ескере отырып, бекітілсін.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  3. 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған «Kaspi Bank» АҚ-тың таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
    • 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд есептелмесін және төленбесін;
    • таза кіріс бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске жіберілсін.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  4. 2017, 2018 жылдары «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС айқындалсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  5. «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне келтірген акционерлердің шағымдары және оларды 2016 жылы қарастыру қорытындылары туралы ұсынылған ақпарат назарға алынсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  6. 2015 жылғы 24 желтоқсанда өткен акционерлердің жалпы жиналысында сайланған «Kaspi Bank» АҚ-тың мына құрамдағы Есеп комиссиясының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын:
    Есеп комиссиясының Төрайымы:           Березняк Алла Михайловна
    Есеп комиссиясының мүшесі:                 Базарбаева Асия Сергазиевна
    Есеп комиссиясының мүшесі:                 Монанникова-Дзюбак Елена
    Есеп комиссиясының мүшелігіне келесі үміткерлер құрамы 3 адам, өкілеттік мерзімі 2 жылға сайлансын:
    Есеп комиссиясының Төрайымы – Ни Людмила Владимировна.
    Есеп комиссиясының мүшелері: Монанникова-Дзюбак Елена Владимировна,  Базарбаева Асия Сергазиевна.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  7. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістерге қол қоюға уәкілеттік берілсін, өзгерістер нотариатта куәландырылсын, әділет органдарына тиісті түрде хабарлансын және өзгерістердің нотариатта куәландырылған көшірмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдансын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  8. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережесі жаңа редакцияда бекітілсін және   (24.12.2015 ж. акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген) «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережесінің күші жойылды деп танылсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  9. «Kaspi Bank» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін және (12.08.2015ж. акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген) Корпоративтік басқару кодексінің күші жойылды деп танылсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  10. «Kaspi Bank» АҚ-тың Есеп комиссиясы туралы ережесі жаңа редакцияда бекітілсін және (26.09.2008 ж. акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген) Есеп комиссиясы туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  11. «Kaspi Bank» АҚ-тың орналастырылған акцияларын сатып алу ережесі және сатып алынатын акциялардың құнын анықтау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін және (26.05.2014 ж. акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген) «Kaspi Bank» АҚ-тың орналастырылған акцияларын сатып алу ережесінің және сатып алынатын акциялардың құнын анықтау әдістемесінің күші жойылды деп танылсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  12. 26.09.2008 ж. акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген «Kaspi Bank» АҚ-тың Резервтік капитал туралы ережесінің күші жойылды деп танылсын.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс


  13. Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы ҚР заңнамасына сәйкес барлық салықтар мен міндетті аударымдар төленгеннен кейін, осы Хаттаманың Қосымшасына сай белгіленсін. Директорлар кеңесі мүшелерінің олардың өз міндеттерін орындауымен байланысты шығыстары нақты жұмсалған шығыстарына сәйкес өтелсін.

    «Жақтаушылар» – 17 347 706 дауыс







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер