Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама

«KaspiBank» акционерлік қоғамы

Атқарушы органның толық атауы: «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Басқармасы.

Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі жиналысты шақыруға бастама көтеруші ретінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 2-тармағына және 1-тармақшасына және 41-бабына сәйкес 2017 жылғы 29 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды. 

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өткізілетін жерде жергілікті уақытпен сағат 09:30-дан бастап жүргізіледі және жергілікті уақытпен сағат 10:00-де аяқталады.

  • өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.

Кворум болмай қалған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы 2017 ж. 02 қазанда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де мына мекенжайда қайтадан өткізіледі: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасайтын күн – 2017 жылғы 29 тамыз.

Күн тәртібі:                                                     

  • «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  • «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту арқылы оған өзгерістер енгізу туралы.
  • “Kaspi Bank” АҚ қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту арқылы оған өзгерістер енгізу туралы.
  • «Kaspi Bank» АҚ жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу және «Kaspi Bank» АҚ бір акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  • Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесін және акцияларды қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту арқылы оларға өзгерістер енгізу туралы.
  • «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістерді бекіту туралы.

Акционерлік қоғамдар туралы заңының 44-бабының 4-тармағына сай, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналыс өткізілгенге дейін он күн бұрын мына мекенжайда дайын әрі қолжетімді болады: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А». Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік сүйемелдеу департаментінде 8(727)356 34 23 телефоны арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналысты жүргізу тәртібі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.    







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер