Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «Тегін төлемдер» атты бірегей қызметті ауқамды түрде іске қосты

kaspi bank kaspi.kz интернет бөлімшесін іске қоса отырып, клиенттерге «Тегін төлемдер» атты қызмет ұсынды, ол төлемдер нарығындағы төңкеріс болды. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай ұялы телефонның балансын толықтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе офистен шықпай, немесе ұялы телефонынан жылдам әрі оңай төлей алады.

- Біздің несиелеріміз қарапайым әрі жылдам, депозиттеріміз тиімді. Біз өзімізге «әрқайсымызға және біздің клиенттерге тағы қандай қызмет қажет?» деген сұрақ қойдық, – дейді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Барлығымыз коммуналдық қызмет ақысын төлеп, ұялы телефонымызды толықтырамыз. Бүгінгі таңда барлығымыз кезекте тұрамыз, төлем терминалдарын іздеп, комиссиялар төлейміз. Мұның барлығы – қиын, ыңғайсыз әрі қымбат. Біз клиенттеріміздің уақыты мен ақшасын үнемдеуді шештік те, kaspi bank сайтында керемет ыңғайлы төлемдер жасадық. Енді барлық клиенттеріміз ұялы телефонын жылдам, оңай әрі су тегін толықтырып, пәтерге келген шоттар мен басқа да төлемдерді төлей алады.

kaspi.kz интернет бөлімшесін пайдаланудың оп-оңай екені тіркелген кезеңде-ақ бірден байқалады. Мысалға, клиенттің ұялы телефонының нөмірі логин ретінде қолданылып, ал ақыны бар-жоғы 3 қарапайым қадам арқылы төлеуге болады. Интернет бөлімшенің өзі жаңа шоттардың түскенін ескертіп, есептегіштен көрсеткішті қалай алуға болатынын білуге көмектеседі әрі түбіртекті толтыруға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ туыстарыңыз бен жақындарыңыздың басқа да кез келген пәтерін оңай қосуға болады. Әрі kaspi bank-інің баршамызға белгілі қаржы кеңесшілерінің қызметін де әрқашан кез келген уақытта пайдалануға болады, ол үшін 9999 тегін телефонына қоңырау соқсаңыз болғаны.

– Жүйелі төлемдерді қалай жасауға болатыны туралы түсінікті өзгерткізіміз келеді, – дейді Михаил Ломтадзе. – Клиенттеріміз төлемдерді өздеріне қолайлы уақытта жасай алады. Оларға кезекте тұрудың, комиссия төлеудің және терминал іздеудің қажеті жоқ. Клиенттеріміз уақыттарының басым көпшілігін дос-жарандарымен, отбасымен өткізе алады әрі осылайша ақшасын да үнемдеп қалады. Қазақстандықтар төлемдерді төлеген кезде комиссия үшін жыл сайын шамамен 6 мың теңге жұмсайды әрі кезекте де тұрады. Бұл ақшаға және оған жұмсалған уақытта 5 рет кинотеатрға баруға, балаларды аттракционға апаруға, кафеде отыруға немесе сүйіктіңізге гүл шоғын сатып алуға болады.


«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 431 млрд. теңге активтерімен және 50 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктердің ондығына кіреді. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында тұр. «Kaspi Bank» АҚ инвесторы – Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД елдеріндегі инвестицияларға мамандандырылған. АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 56 жобаға $1,6 млрд инвестициялады, олардың арасында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен медиа, тұтынушылық сектордағы бірқатар табысты компаниялар бар. Қазіргі таңда қорлардың тартылған капиталы $2,2 млрд құрап отыр. Бэринг Восток 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Private Equity Online және Private Equity International оқырмандарының пікірінше «Жылдың тікелей инвестициялар бойынша Ресей компаниясы» болып танылды. Бэринг Восток қорларының жобалары арасында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жайықмұнай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және көптеген басқа ұйымдар бар. 2011 жылы Бэринг Востоктың Яндекске салған инвестициясы Investor Allstars Venture Capital Awards-тың пікірінше ең үздік венчурлық инвестиция болып танылды.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі: 1376)
Эл. пошта: ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7 (701) 223-87-85

Алматы, Қазақстан:
17 қыркүйек 2012 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер