Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

 

Бакытжан Умирзакова

Жаңа тәсіл

kaspi bank қазақстандықтармен өзара қарым-қатынаста жаңа қадам жасады, жаңадан 100 бөлімше ашты, өзінің слоганын өзгертті және клиенттеріне қызықты сұрақтарды қоя бастады.

Бұл нені меңзейтінін және клиенттер үшін қандай маңызы бар екенін банктің атқарушы директоры Бақытжан Өмірзақова әңгімелейді.

Бүкіл Қазақстан бойынша біздің бөлімшелерімізге ай сайын 60 мыңнан астам адам келеді, ал тұтас алғанда kaspi bank-інің клиенттік қоры 1 миллионннан астам қазақстандықты құрайды. Өздеріңізге қаржылық серіктес ретінде бізді таңдау үшін көп еңбектендік. Банктің соңғы 2 жылда жасаған қадамдарына көз жүгіртудің өзі жеткілікті. 

Бірінші қабам – «Капитал. Команда. Стратегия»

2 жыл бұрын біз басқаруында 2,5 миллиард доллардан астам қаражаты бар стратегиялық инвесторымызды тарттық. Инвестормен бірге бізге капитал, сол сияқты ұзақ мерзімді дамуды көздейтін халықаралық тәжірибесі бар кәсіби мамандардың командасы келді. kaspi bank қазақстандық нарықтағы ең жақсы капиталдандырылғандардың бірі болды. 

Екінші қадам – «Табысқа бірге жетейік!»

Біз банктің сыртқы келбетін өзгерттік және қазақстандықтар біздің қандай күшке ие екенімізді, біздің қаншалықты ашық әрі қандай қарқынмен өсіп келе жатқанымызды аңғарды. Өзіміздің атауымыз бен бейнемізді өзгертумен қатар біз жаңашыл өнімді – біздің клиенттердің қалтасында күнделікті ақшаның болуына мүмкіндік беретін несие картасын қолданысқа енгіздік.

Үшінші қадам – «Жылдам әрі ыңғайлы»

«Сыртқы бейнесін» өзгерту – бұл мұзтаудың көзбен көруге болатын бір шоқысы ғана. Біз қазақстандықтардың банк қызметі мен өнімдерінің қандай түрін көп қажет ететіндігін түсіну үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге көп күш жұмсадық. Нәтижесінде біз шарттары өте қарапайым әрі түсінікті тұтынушылық несиелерді ұсындық. Мұндай несиеге қол жеткізу несие тарихы жақсы және тұрақты кірісі бар клиенттер үшін аса қиын іс емес.

40 мыңға жуық қазақстандық отбасы ай сайын біздің банктің арқасында үйлерін жөндеп, машина сатып алуға, жиһазын жаңартуға және жақсылап демалуға мүмкіндік алады. Осыған орай біз депозитті ойлап таптық. Әр түрлі шарттармен сан алуан салымдарды ұсынатын басқа банктерден айырмашылығы – біз нарықтағы ең тиімді әрі ыңғайлы барлық шарттарды өзіне жинақтаған бір ғана депозитті жасадық. Бұл депозит – барлық клиенттерге сомасына қарамастан іс-қимылға үлкен еркіндік беретінімен ыңғайлы. Қазір біздің депозиттік қорымыз 160 миллиард теңге және күн сайын жүздеген қазақстандықтар бізде жаңа салымдарын ашады. Тұрғындардың сенімінің күн өткен сайын артуы біздің стратегиямыздың дұрыс құрылғанын растайды.

Төртінші қадам – «100 жаңа бөлімше»

Нарықта біздің несиелеріміз бен депозиттеріміздің талап етілуіне, ал клиентеріміздің санының күннен күнге артуына орай біз бүкіл Қазақстан бойынша жаңадан қызмет көрсетудің жаңа үлгісіндегі 100 бөлімшені ашуды жоспарлап отырмыз.

Біз өзіміздің филиал желісімізді кеңейтуді қалаймыз, ол бүгінгі күні 150 филиал мен бөлімшелерден тұрады, себебі біздің клиенттерге біршама жақын болғымыз келеді.

Сол себепті де біздің қызметкерлеріміз электроника, жиһаз сататын барлық ірі сауда желілерінде жұмыс жасайды және кәсіби кеңес алу үшін банктің қаржы кеңесшілеріне тәуліктің кез келген уақытында хабарласуға болады.

Бесінші қадам – «Сіз үшін тағы не істей аламыз?»

Қазақстандықтардың көпшілігі банкті онымен байланыс орнатып ешқандай рақатын сезіне алмайтын үлкен ұйым ретінде қабылдайды. Біз бұл ойды өзгерткіміз келеді. Кaspi bank – оған бір нәрсе сұрау үшін келетін қандай да бір алпауыт ұйым емес. Біз клиенттерге өзіміз жағдай жасауға тырысамыз және оларға не қажет екенін, олардың нені армандайтынын, нені қалайтынын және біз оларға қалай көмек көрсете алатынымызды сұраймыз. Осы арқылы құлшынысымыз оянады – қандай өнімдерді, шарттарды ұсынуға болады, қай жерде филиал ашу керек, қызмет көрсетуді қалай жақсартуға болады, уақытты және құжаттарды ресімдеу рәсімін қалай қысқартуға болады деген идеялар туындайды...

Біз өз клиенттерімізді бағалаймыз және олардың пікірін тыңдаймыз, сондықтан да біз өзімізге әрдайым мына сұрақты қоямыз: Сіз үшін тағы не істей аламыз?
Бұл қарапайым сұрақ kaspi bank-індегі барлық өзгерістердің көзі, бизнес философиясының іргетасы болып табылады. Бұл клиенттеріміз біздің банкке қатысты тең серіктестер, біздің басты кеңесшілеріміз деген сөз.

Құрметпен, Бақытжан Өмірзақова







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер