Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Қазақстандағы жедел несиелеуге 5 жыл

Қазақстанда жедел несиені тұңғыш рет 2003 жылғы 19 наурызда Алматыдағы «Планета электроники» дүкенінен зат сатып алған әйел ресімдеді. Тұңғыш жедел несие сомасы 38 мың теңгені құрады.

Қазақстанда осы банктік өнімді ендірудің пионері болып табылатын Каспий Банкі 5 жыл ішінде қазақстандықтарға 140 млрд теңге сомасына 1,6 млн жедел несие берді. Осы 5 жыл ішінде Каспий Банкі сондай-ақ 26 қалада және 500-ден астам  елдімекенде орналасқан өз несие орындарын 2 800-ге дейін көбейтті.

Бесжылдық тарихында қазақстандықтар тек тұрмыстық электр техникасын сатып алуға ғана емес, жедел несиені дәстүрлі қалыңдыққа берілетін «қалың малдан» бастап ғылыми зерттеулер жүргізуге дейінгі түрлі өмірлік жағдайларды шешу үшін де ресімдеді.


– Каспий – елімізде жедел несиені алғаш рет 2003 жылғы наурызда берген жедел несиеге тұңғыш жол салушы, - дейді Каспий Банкінің басшысы МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ. – Қазіргі сәтте жедел несиелер – бүкіл еліміз бойынша жедел несиелеудің 500-ден аса орны арқылы ұсынылатын біздің банктің маңызды өнімі.  Біз осы бизнесті әрі қарай дамыта отырып, өз клиенттерімізге жыл бойы қызықты және пайдалы өнімдер ұсынатын боламыз. 2007 жылы  Каспий Банкі жедел несиелеуді бірыңғай біріккен IT-жүйесіне аударуды аяқтады, нәтижесінде клиенттеріміздің бүкіл еліміз бойынша кез келген бөлімшеде несиені алуға және оны өтеуге мүмкіндігі бар.  

- Биыл біз жедел несиені белсенді түрде дамытудамыз, тек 2008 жылдың басында Каспий Банкі тұрмыстық техника, жиһаз сатып алуға, білім алуға және т.б. 56 мыңнан астам  несие берді, – деп жалғастырды өз тарапынан Каспий Банкінің атқарушы директоры Бақытжан Өмірзақова. -  Осылайша, Каспийдің қаржылық қолдауының арқасында еліміздің тұрғындары өз қажеттіліктеріне шамамен 6 млрд теңге жұмсады.

2007 жылғы бастапқы деректер бойынша, Каспий Банкінің несие портфеліндегі жедел несиенің үлесі 10,2 % немесе 20,2 млрд теңгені құрайды.


«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007 жылғы қорытынды бойынша несиелік портфель 188 миллиард теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры– «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы. www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» банкі, Еуроплан, Қаржылық Технологиялар Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорацисы сияқты танымал халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының  құрамына кіреді.


Қосымша мәліметтер алу үшін төмендегі маманға  хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл.пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7--777-232-51-12

 







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер