Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «Даму» бағдарламасы бойынша 167 жобаға 4 млрд теңге беруді мақұлдады

kaspi bank-інің «Даму» қорынан алған үшінші траншының көлемі 6 миллиард теңгені құрайды.

Игерудің басынан банк жалпы сомасы 4 миллиард теңге болатын жобаларды мақұлдады, бұл банкке бөлінген қаражаттың 75% құрайды.

4 миллиард теңгенің жартысы (2 млрд астамы) қазақстандық кәсіпкерлердің ағымдағы қарызын қайта қаржыландыруға, жартысы қолданыстағы бизнесті дамытып, кеңейту үшін жаңа несиелер беруге бағытталды.

Кең тараған филиал желісінің арқасында kaspi bank Қазақстанның барлық қалаларында белсенді жұмыс істеуде және қайта қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі Алматы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының үлесінде.

kaspi bank-і сондай-ақ барлық бизнес салалары мен секторларын қамтыды, бірақ бүтіндей алғанда «Даму» қорынан қаражат алған кәсіпкерлердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету саласында.

– Бізге «Даму» қаражатынан 2 миллиард теңгені игеру қалды, – дейді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қазіргі сәтте банктің 150 филиалы мен бөлімшесінде жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгеге жобалар бар. Қандай жағдай болмасын, қарыз алушылардың сапасы біздің ерекшелігіміз болып табылады, өкінішке орай, қалағандардың барлығы бірдей несие ала алмайды.

kaspi bank-і арқылы мемлекеттен қолдау алған қазақстандық бизнестің өлшемі тіптен әр түрлі: шағын шаштараздар, пицериялардан басталып, ірі кәсіпорындармен аяқталады. Осындай клиенттердің бірі – Қазақстанда балық аулау, оны өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын болып табылатын «Каспий Балық» компаниясы. Жалпы ауданы 1500 шаршы шақырым болатын, Каспий теңізінің жағалауындағы айдындарда және Еділ өзені сағасының құяр жеріндегі кәсіптік егіншілік телімін 10 жылға жалға алып, компания жылына 5 000 тонна балық аулап отыр. Бұл кезде балықтың 98% өз күштерімен өңделеді де, кейіннен Ресей мен Украинаға экспортқа шығарылады.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» 267 млрд теңгеден астам активтерімен және 44 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің ондығына кіреді. Банк тұтынушылық несиелеуде көшбасшы орынды алып отыр. Банктің бөлшекті желісі 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 150 бөлімше мен 514 тұтынушылық несиелерді сату орындарынан тұрады.
«Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы - Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші тікелей инвестициялау қоры www.kaspibank.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді. 

Қосымша ақпарат үшін мына маманға хабарласыңыз:
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармсының бастығы
Ботагөз Жұманова
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі. 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы телефоны: +7 (701) 223-87-85
 +7 (777) 232-51-12

Алматы, Қазақстан:
6 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер