Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ MasterCard-тың принципті мүшесі мәртебесін алды

Каспий Банкі MasterCard International төлем жүйесінің принципті мүшесі мәртебесін алды. Енді Каспий Банкі осы ұйыммен делдалдарсыз ынтымақтастықта болуға мүмкіндік алды және принципті мүшеліктің көптеген артықшылықтарына қол жеткізді.

– MasterCard International-дағы біздің мәртебеміздің өте қысқа мерзімде өсуі командамыздың маңызды жетістігі болып табылады, – дейді Каспий Банкі басқармасының төрағасы Михаил Ломтадзе. – MasterCard-қа принципті мүше болу бізге өзіміздің өнімдер желісін кеңейтуге және өз клиенттерімізге жаңа өнімдер мен қызмет ұсынуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Банктің басты артықшылықтарының бірі – кең филиал желісі мен жеке тұлға- клиенттер санының көптігі. Бүгінде клиенттік базада 1 млн. астам клиент бар. 2008 жылдың басынан бері ғана Банк Қазақстан халқына 250 мыңнан астам несие берді. Клиенттердің тұтынушылық ықыластарын талдауға сүйене отырып, Каспий Банкі карточкалық платформада жаңа өнімдер ұсынуды жоспарлап отыр. Банк жаңартылған «Қолма-қол несие» өнімін іске қосып та үлгерді. Банктің тұрақты кірісі бар клиенттері бір күнде 1,5 млн. теңгеге дейін несие ала алады.

– Біздің Банктің стратегиялық басымдылығы – жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің бизнесін, шағын және орта бизнесті несиелендіру бизнесін дамыту, – деп толықтырды Михаил Ломтадзе. – Халықаралық төлем жүйелерін пайдалана отырып өнімдер ұсыну біздің банктің басты бағыты болып табылады. 2008 жылдың наурызында біз сондай-ақ Visa International-ға принципті мүше болдық. Бар-жоғы бір жылдың ішінде екі халықаралық төлем жүйесіне мүше болу – біздің банк үшін елеулі оқиға және бұл командамыздың зор еңбегі.

 
«Банк «Каспийский» АҚ
«Банк «Каспийский» АҚ 267 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 43 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 150 бөлімше мен 514 орыннан құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры– «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы сынды танымал халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі 1376)
Эл.пошта: Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізуі басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
17 қазан 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер