Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank Қазақстанда 1.7 миллионнан астам Visa кредит карталарын шығарғандықтан, Visa құрмет сертификатын алды

Visa компаниясы kaspi bank-ін Visa халықаралық төлем жүйесінің 1.7 млн астам кредит карталарын шығарғандықтан, құрмет сертификатымен марапаттады.

kaspi bank тұңғыш жаңартпалы кредит картасын 4 жыл бұрын 2008 жылы шығарған болатын. Бүгінгі күні шығарылған кредит карталарының саны бойынша kaspi bank Қазақстанның банк нарығында ғана көшбасшы емес, ТМД*-да да көшбасшылардың бірі болып отыр.

«Visa-ның деректері бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 2 миллионнан астам Visa кредит карталары шығарылған, оның 1.7 миллионын kaspi bank-інің кредит карталары құрайды. Біз kaspi bank-ін осындай таңғаларлық нәтижесімен құттықтап, Visa-ның атынан өзіміздің Құрмет сертификатымызды табыс етсек деп едік, – дейді Қазақстандағы Visa офисінің басшысы Ғалым Табылдиев. – kaspi bank –Visa-ның Қазақстандағы ең маңызды серіктестерінің бірі және біз банкке кредит карталары сегментін және тұтастай қолма-қол жасалмайтын төлемдер нарығын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.»

Кредит карталары бизнесін дамыту – kaspi bank-інің бөлшек сегментке бағытталған басымдылықтарының бірі. Клиенттер кредит картасын бөлімшенің өзінен, санаулы ғана құжатпен, оңай әрі жылдам ала алады.

«kaspi bank-інің кредит картасы – біздің клиенттерге әрқашан ақшалы болуға және өз кредитін еркін басқаруға мүмкіндік беретін инновациялық кредит өнімі, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Біздің кредит картамыздың үш түрлі маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, кредит картасын kaspi bank-інің кез келген бөлімшесінен не бары 15 минутта жылдам алуға болады. Екіншіден, дүкендерде тауарлар мен қызметтерге біздің картамыз арқылы ақы төлеген кезде 55 күн пайызсыз. Үшіншіден, өз қаржыңызды жоспарлауда еркіндік көп.»

kaspi bank өз өнімдері мен қызметтерін клиенттері үшін біршама ыңғайлы етіп, оларды үнемі жетілдіріп отыруға тырысады. Банкте жексенбіні қосқанда, демалыссыз жұмыс жасайтын бөлімшелері мен сауда орындарының ең үлкен желісі** бар. Арнайы клиенттері үшін kaspi bank тегін 9999 нөмірін іске қосты, ол бойынша күні-түні кез келген сұрақпен қаржы кеңесшісіне қоңырау шалуға болады.

*kaspi bank-інің деректері бойынша, 2012 ж. шілде
**kaspi bank-інің деректері бойынша, 2012 ж. шілде


«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 431 млрд теңгеден астам активтерімен және 50 млрд теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшылық орынға ие. «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы – Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясының басқаруындағы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры.
www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары АҚШ, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 56 жобада 1,6 млрд астам долларды инвестициялады, олардың қатарында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қазіргі уақытта қорлардың тартылған капиталы 2,2 млрд долларды құрайды. 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Бэринг Востокты Private Equity Online және Private Equity International оқырмандары «Жылдың ресейлік тікелей инвестициялау компаниясы» деп мойындады. Бэринг Восток қорының жобалары қатарында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жайықмұнай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және басқа да көптеген жобалар бар. 2011 жылы Investor Allstars Venture Capital Awards Бэринг Восток-тың Яндекске инвестициясын ең үздік венчурлық инвестиция деп мойындады.

Visa компаниясы туралы ақпарат
Visa – әлемнің 200 астам елдерінде карталарды ұстаушыларды, сауда-сервис кәсіпорындарын, қаржы және үкіметтік мекемелерді электрондық төлемдерге жылдам, қауіпсіз әрі сенімді қолжетімділікпен қамтамасыз ететін ғаламдық төлем жүйесі. Электрондық төлемдер тұтынушылар үшін алаяқтықтан қорғауды қамтамасыз ете отырып, сауда-сервис кәсіпорындары үшін төлемдердің жасалуына кепілдік бере отырып, секундына 20 000 астам транзакцияны өңдеуге қабілетті VisaNet ғаламдық инновациялық процессингілік жүйенің көмегімен жүзеге асырылады. Visa банк емес, төлем карталарын шығармайды, тұтынушылар үшін комиссиялар мен пайыздық мөлшерлемелерді белгілемейді, сондай-ақ карта ұстаушыларға кредит бермейді. Өз кезегінде, Visa-ның инновациялық шешімдері қаржы ұйымдарына өз клиенттеріне дебеттік, алдын ала төленген және карточкалық кредит өнімдерін қосқанда, қаржы құралдарының көптеген түрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат мына мекенжай бойынша қолжетімді: www.corporate.visa.com.

Қазақстандағы Visa баспасөз қызметі
Zhuldyz Baimagambet // Account Manager
Tayniy Sovetnik Ogilvy PR
 T: +7 (727) 298 07 68 // M: +7 777 317 17 77
E-mail: zhuldyz.baimagambet@ogilvypr.kz

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі: 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы тел: +7 (701) 223-87-85

Алматы, Қазақстан:
11 шілде 2012 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер