Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2015 жылғы 12 тамызда өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы хабарлайды.

17 347 662 дауыс беруші акцияларды (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 97,07%) иеленетін 1 акционер қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1. Енгізілген өзгерістер ескеріліп, «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Күн тәртібін бекіту;
  2. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  3. «Қоғамның акционерлеріне Банктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі туралы» ережені жаңа редакцияда бекіту туралы;
  4. «Kaspi Bank» АҚ-тың акциялары бойынша дивидендтер төлеу және «Kaspi Bank» АҚ-тың бір акциясына есептелгендегі дивидендтің мөлшерін бекіту туралы;
  5. «Kaspi Bank» АҚ-тың корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.

Дауысқа салу қорытындысы

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс

2. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының өзгерістері мен толықтырулары бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының өзгерістері мен толықтыруларына қол қою, Жарғының өзгерістері мен толықтыруларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тіркеу және нотариалды куәландырылған көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберу өкілеттігі берілсін.

Дауысқа салу қорытындысы

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс   

3. «Қоғамның акционерлеріне Банктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі туралы» ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

Дауысқа салу қорытындысы

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс   

4. «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер бір акцияға 490 теңге мөлшерінде төленсін. 2015 ж. 26 тамыз «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу басталатын күн болып белгіленсін. 2015 жылғы 31 желтоқсан дивидендтерді төлеу аяқталатын күн болып белгіленсін. Төлеу кезеңі 2014 жыл үшін.

«Kaspi Bank» АҚ акциялары бойынша дивидендтер мына тәртіппен төленсін:
жеке және заңды тұлғалар – акционерлерге – Банктің акционерлернің тізілімін жүргізетін «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тан (бұдан әрі – Тіркеуші (интернет мекенжайы - www.tisr.kz) алынған Банк акционерлерінің тізімінде көрсетілген ұстаушының банктік шоттарына біржолғы төлемді аудару арқылы. Акционердің жазбаша өтініші бойынша есептелген дивидендтер белгіленген дивидендтерді төлеу аяқталатын күнге дейін төленсін.

«Kaspi Bank»АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23, 24-баптарына сәйкес «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жай акциялар бойынша дивидендтердің төленетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде; артықшылық акциялар бойынша – артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде жарияласын.

Дауысқа салу қорытындысы

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс

5. «Kaspi Bank» АҚ-тың корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін.

Дауысқа салу қорытындысы

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс   







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер