Мөлшерлемені төмендету
21 қыркүйектен бастап kaspi bank Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ұсынысына сәйкес теңгедегі депозит бойынша мөлшерлемені 11.5% дейін төмендетеді. Төмендетілуіне қарамастан, бұл kaspi bank депозитінің шарттары сияқты нарықтағы ең тартымды мөлшерлемелердің бірі болып қала бермек. 2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін шарт жасасқан салымшылар үшін бұрынғы жылдық 13% мөлшерлеме сақталады.
Валюталық салымдар бойынша 8% сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалдырылады.