Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

2021 жылғы 01 наурызда өткен «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының  
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2021 жылғы 01 наурызда өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.
 
17 347 729 дауыс беретін акцияны («Kaspi Bank» АҚ-тың дауыс беретін акцияларының жалпы санының 94,56%) иеленетін акционердің өкілі қатысты.

Күн тәртібі мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
    1. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
    2. 2020 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
    3. 2020 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың таза кірісін бөлу тәртібін және «Kaspi Bank» АҚ-тың бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін айқындау туралы;
   4. 2020 жылы акционерлердің «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
   5. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

2. Аудитордың есептері ескерілгенде, 2020 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

3. «Kaspi Bank» АҚ-тың таза кірісін бөлудің төмендегі тәртібі бекітілсін:
- Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 2200 (Екі мың ек жүз) теңге мөлшерінде дивиденд төленсін;
Төлеу кезеңі: 2020 жыл;
Төлеу басталатын күн: 2021 жылғы «01» наурыз;


Банктің акциялары бойынша дивидендтер Орталық депозитарийден алынған Банк акционерлерінің тізімінде көрсетілген ұстаушылардың банктік шоттарына есепке жазу арқылы төленсін. Банктің Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 24-бабына сәйкес дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жарияласын.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

4. 2020 жылы акционерлердің «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне жүгінбегені және оларды қарау қорытындыларының болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.  

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

5. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері сол санмен және сол құрамда (жеке) сайлансын:
    1. Ким Вячеслав Константинович – Директорлар кеңесінің мүшесі;
    2. Ломтадзе Михаил – Директорлар кеңесінің мүшесі;
    3. Рахметов Чингис Жолдасбаевич – Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор

«Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл болып айқындалсын Директорлар кеңесінің мүшелеріне ҚР заңнамасына сәйкес барлық салықтар мен міндетті аударымдар төленгеннен кейін осы Хаттаманың Қосымшасына сай мөлшерлерде ай сайынғы негізде сыйақы белгіленсін. Директорлар кеңесінің мүшелерінің олардың өз міндеттерін орындауына байланысты шығыстары іс жүзінде жұмсалған шығыстарға сәйкес өтелсін.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер