Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «Самұрық-Қазына» қорынан алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың қосымша бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды мерзімінен бұрын аяқтады

Банкке ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бөлінген 3 миллиард теңгені мерзімінен бұрын табысты игергеннен кейін кaspi bank басқа банктермен қатар «Самұрық-Қазына» қорынан бағдарламаны жалғастыру үшін 1 миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды алды.
Банк қайта қаржыландыру бағдарламасына іліккісі келетіндердің өтінімдерін қабылдауды 2 шілдеден бастады және қазіргі уақытта қайта қаржыландыруға бөлінген сомаға өтінімдерді толық қабылдады.

– Қазіргі сәтте ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы аясындағы өтінімдердің санын жеткілікті мөлшерде қабылдадық, – деп түсіндіреді kaspi bank басшысы Михаил Ломтадзе. – Барлығы 353 қарыз алушының өтінімі қабылданды. Бүгінгі күні біз 334 миллион теңге сомасында 106 ипотекалық өтінімдерді мақұлдадық. Неғұрлым төменгі мөлшерлемемен қайта қаржыландыру мүмкіндігі және, соған сәйкес, ай сайынғы төлемдерді төмендету мемлекеттің және банктердің көмегімен қарыз алушыларға әлемдік дағдарыстан туындаған қиын-қыстау кезеңді жеңуге мүмкіндік береді. Қарыз алушылар сияқты банк те мемлекет ақшасының қайтарымдылығы үшін әрқайсысына жүктелетін жауапкершілікті түсінуі қажет және біз мемлекеттің ақшасымен қаржыландырылған қарыздарға қарыз алушылар үлкен жауапкершілікпен қарайды деп үміттенеміз. Бұл ипотеканы қайта қаржыландыруға да, шағын және орта бизнеске арналған «Даму» бағдарламаларына да қатысты.

Өтінімдердің көпшілігі Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарына келіп түсуде. Филиал желісінің кеңдігінің арқасында, kaspi bank бағдарламаның шарттарына сай келетін клиенттерді қайта қаржыландырады, атап айтқанда алыпсаттарлық үшін емес, өз өмірлерін жақсарту үшін жылжымайтын мүлік сатып алып, сапалы несие тарихын да иеленді.

Мемлекет тарапынан қолдаудың арқасында, енді жүздеген қазақстандық отбасылар ай сайынғы төлемдерін азайта алады. Кaspi bank өз тарапынан бұл ресурстарды казақстандықтарға неғұрлым жылдам әрі тиімді етіп береді.
 
«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгенден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталдарымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры ««Kaspi Bank» АҚ инвесторы болып табылады. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнер» ТМД-дағы тікелей инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Шығыс ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.
Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
20 шілде 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер