Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

2010 жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank халықтың депозиттерін тартуда және жаңа бөлімшелер ашуда көшбасшы болды 

2009 жылғы 6,3 млрд шығынға қарсы 2,2 млрд теңгеге қарағанда, 2010 жылы Банктің таза табысы біршама өсті.

Банктің активтері бір жылда 362 млрд теңгені құрап, 16% пайызға өсті.

Меншікті капиталы 2009 жылғы 39,6 млрд теңгемен салыстырғанда 41,9 млрд теңгені құрады.

Депозиттік база 261 млрд теңгені құрап, шамамен 40%-ға дейін ұлғайды. Бұл кезде жеке тұлғалардың депозиттерінің 70%-ға жуық өсім қарқыны бойынша kaspi bank қазақстандық банктердің ішінде №1 атанды.

Өтімді қаражат активтердің 20% астамын құрады.

Провизиялар несие портфелінің 10.5% құрады.

Активтердің 16%-ға өсуіне Банктің белсенді несие саясаты себепші болды. Kaspi bank-інің активтерінің өсімі Қазақстанның жиынтықталған банк секторының былтырғы жылғы жалпы көрсеткішінен (4,2%) 3 есеге артық.

2010 жыл бойы kaspi bank жаңа пішімде қызмет көрсететін 40 астам бөлімше ашып, бүкіл еліміздің ауқымында өзінің филиалдық желісін қарқынды түрде дамытуды жалғастырды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша қазақтандық банктердің ішінде жаңа бөлімшелерді ашу қарқыны жағынан Банк бірінші орынды иеленді.

– 2010 жылғы дағдарыстан кейінгі салыстырмалы қиын кезеңде біз жақсы көрсеткішке қол жеткіздік, табысымыз 2.2 млрд теңгені құрады, – деп мәлімдеді Банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Негізгі жетістіктердің ішінде жеке тұлғалардың депозиттерінің 70% өскенін, операциялық шығындарды 2009 жылғы дерлік деңгейде сақтай отырып, операциялық кірісіміздің үш есеге ұлғайғанын баса айтқым келеді. Біздің өнімдеріміз Қазақстан халқының арасында үлкен сұранысқа ие, қызметіміздің ұсыну мүмкіндігін кеңейту үшін бүкіл елімізде 40 бөлімше аштық.

2010 жылы банктің операциялық шығындары мүлдем өзгерген жоқ – 13,4 млрд теңге болды, бірақ бұл ретте Банк 2009 жылы алынған 5,3 млрд теңгемен салыстырғанда 3 есе артық – 15,4 млрд теңге операциялық кіріс алды. Бұл банк жүйесінде үздік көрсеткіштердің бірі.

kaspi bank-інің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким жыл қорытындысы туралы сөз қозғай отырып, өз тарапынан былайша түсініктеме берді: «Біз ұзақ мерзімді бизнесті құрамыз және 2010 жылдың нәтижесі – бұл соңғы бірнеше жылдардың дұрыс интеллектуалдық және қаржылық инвестициялардың заңды салдары».

– 2011 жылы сауда желілері орта есеппен 30% өсуді жоспарлап отыр, бұл тұтынушылық сұранысты қалпына келтіру, – дейді Вячеслав Ким. – Біз клиенттерімізбен бірге өсеміз әрі дамимыз. 2011 жылы активтеріміздің 20-30% өсімін күтудеміз әрі клиенттерімізге қызықты өнімдерді ұсынбақшымыз.

– Қазақстан халқына банк қызметін ұсыну – басты бағытымыз болып қала бермек, – деп толықтырады Михаил Ломтадзе. – 2011 жылы да басқа сегменттерде жұмысымызды белсенді жалғастыра бермекпіз, заңды тұлғаларға қызмет көрсету – біз үшін маңызды бағыт болмақ.

2011 жылы Банк бүкіл ел бойынша үзіліссіз әрі демалыссыз жұмыс істейтін жаңа бөлімшелерді ашу бойынша белсенді жұмысын жалғастыра береді.


«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 362 млрд теңгеге жуық активтерімен және 42 млрд теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 182 филиал мен бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity инвестициялық компанияның басқаруындағы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары табысты 50 ден астам компанияларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникация департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7 (701) 223-87-85

Алматы, Қазақстан:
3 мамыр 2011







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер