Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Kaspi мен Қазком Taiburyl қорының шәкіртақысын иеленгендерге сертификат тапсырды

31 қазан, сенбі күні Алматыдағы Kaspi Bank-тің Бас кеңсесінде «Ай сайынғы шәкіртақы» бағдарламасы аясында «Taiburyl» қорының шәкіртақысын иеленген оңтүстік астаналық  студенттерге сертификат тапсырылды. Марапаттау шарасына «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов, «Taiburyl» ҚБ басқарма төрағасы Олжас Худайбергенов қатысты.

Марапаттау шарасында Михаил Ломтадзе студенттерге төмендегідей сөз арнады:
- Біз Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Киммен бірге білім өмірдегі басты нәрсе деп санаймыз. Бұл сені алға жылжытып, сенімен мәңгі қалатын нәрсе.

Өз тарапынан Мағжан Әуезов мұндай бағдарламалардың білімді студенттерді қанаттандыру үшін маңыздылығын атап өтті:
- Жас маманның мұндай степендиялық бағдарламаларға қатысуы оның белсенділігін, жұмысына байыппен қарайтынын көрсетеді. Бұған қосымша бұл оның еңбегінің бағаланағандығы, мақсаткерлігі, жастығына қарамастан өзімен жұмыс істей білетіндігінің мойындалуы  және тағы бір маңызды нәрсе, бұл мойындау тәуелсіз және қалыптасқан сарапшылар тобы тарапынан болып отыр.

Олжас Худайбергенов қазіргі 270 степендияның болашақта көбейетініне сенім білдірді:
- Менде тағы екі ірі компаниямен 2016 жылы келісім бар. Маған бағдарламаның обьективтілігі мен шынайылығына сенбеген ата-аналардың хабарласып, бағдарламаның білімді студенттерге қолжетімді екеіне көз жеткізгендеріне қуаныштымын.

«Айлық шәкіртақы» бағдарламасы аясында Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен Қазкоммерцбанк-тің  директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевтің бастамасымен екі банк 2015 жылы 30 миллион теңге бөлді.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер