Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ атауын KASPI BANK етіп өзгертпек

2008 жылдың 26 қыркүйегінде өткен Каспий банкі акционерлерінің жиналысында банктің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. KASPI BANK жаңа брендін халыққа жариялау қараша айына белгіленсе, клиенттер үшін жаңашыл өнімді қолданысқа енгізу келесі аптадан басталмақ.

KASPI BANK – жаңа атау ғана емес, клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа нысаны және Қазақстан мен Орта Азияда ең үздік банк болуды қалайтын бөлшекті банк жұмысының стандарттары. Жаңа атау (бренд) Қаржыгерлер Күні (15 қараша) қолданысқа енгізіледі.

– Каспий Банкінің KASPI BANK болып түрленуі – біздің халықаралық инвесторлар мен топ-менеджерлер командасының ұзақ уақыт бойында дайындаған стратегиялық қадамы, – деп мәлімдейді Каспий Банкінің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Бұл соңғы жылда банкте болған жағымды әрі сапалы түрлендірулердің кезекті растауы және жалғасы.

Жетекші халықаралық Baring Vostok Capital Partners инвестициялық қоры банк капиталына инвестициялаған сәттен бастап клиенттерге қызмет көрсетуді үнемі жақсарту және жаңадан өнімдерді енгізу банктің негізгі стратегиясына айналды.

– Біздің өзгелерден артықшылығымыз – ребрендингке алдымен ішкі жағдай тұрғысынан қарағандығымыз – мықты ядро қалыптастырдық, ең үздік банк технологияларын енгіздік, клиенттің қажеттіліктерін назарға алып, жаңа өнімдер әзірледік, – деп толықтырды Ломтадзе мырза. – Мұның барлығын біз клиенттеріміз үшін жасадық және нысаны әрі мазмұны жағынан да олардың ең үздік банк жайындағы көзқарасын ескеруге тырыстық. Біз өз клиенттеріміз бен Қазақстан тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік. Осының негізінде KASPI BANK атауымен жаңа бренд дүниеге келді. Біз оны қараша айының ортасында қолданысқа енгізбекпіз. Бұл нарықта теңдесі жоқ қуатты, жағымды әрі қарқынды бренд болмақ.

Тек соңғы 12 айда тұрғындардың Каспий Банкіндегі салымдары 40% артты, бұл – қазіргі таңда отандық банк секторындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ жыл басынан бері банк Қазақстан халқына 250 мыңнан астам несие берді.

– Қазақстандықтарды біздің банктің тұрақтылығы мен сенімділігі өзіне тартатыны анық, – дейді Ломтадзе мырза. – Біздің мақсатымыз – қызметімізді әлі де жақсарту және қазақстандықтарға жаңа брендпен, жаңа атаумен жаңа өнімдер ұсыну. KASPI BANK банктің ағымдағы атауының құқықтық мұрагері болып табылады.

– Біздің өзіндік ұстанымдарымыз және еліміздің үздік банкінде қызмет етуді қалайтын аса білікті командамыз бар, – деп өз тарапынан Каспий Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким толықтырды. – Халықаралық инвесторлар келгелі 2 жыл ішінде біз банкті іштей үлкен өзгеріске дайындадық, суреттеп айтар болсақ, баршамызға таныс Каспийдің астарынан жаңа банк өсірдік. Жаңа атау туралы шешім қабылдау – шын мәнінде, бұл алғашқы қадам ғана, біз негізгі оқиғаларды аздап көлегейлей тұрмақпыз. Биылғы күзде клиенттеріміз, серіктестеріміз бен бәсекелестерімізге біздің банктегі жақсарулар мен жаңа брендімізді бағалауға мүмкіндік туады. Біз өз философиямыз жайлы егжей-тегжейлі баяндап, жаңа брендімізді көрсететін уақытты асыға күтудеміз.

Қазақстандықтар банктің жаңа «бейнесін» қараша айында көреді, ал 2 қазаннан бастап нарықта теңдесі жоқ жаңа өнімдерімізді пайдалануға мүмкіндік тумақ.

– Бұл кепілсіз 1,5 миллион теңгеге дейінгі несие, – деп пайымдайды Михаил Ломтадзе. –Клиенттеріміз үшін жаңа өнімнің басты құндылығы – несиенің жылдам берілетіні. Бір күнде клиенттеріміз өз жоспарларын: демалу, білім алу, сауда жасау және басқа да көптеген күнделікті қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік алады. Осы арқылы біз қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттырып, өмір сүру деңгейін көтереміз деп үміттенеміз. Біз клиенттерімізбен бірлесіп қызмет етіп, табысқа бірге қол жеткізу арқылы Қазақстандағы ең үздік бөлшекті банк болатынымызға сенеміз.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 43 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 157 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Банк «Каспийский» АҚ инвесторы болып табылады. www.bc.kz

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс тікелей инвестициялау қоры:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс
ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға 600 млн. астам доллар инвестициялады. Олардың портфелінде «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторындағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы және атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі1376)
Эл.пошта:  zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
1 қазан 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер