Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Fitch Ratings «Каспийский» банкінің рейтингтерін өзгеріссіз қалдырды.

Fitch Ratings Каспийскийдің рейтингтерін растап, оларды өзгеріссіз қалдырды және жеті қазақстандық банктің ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингтері ("ЭДР") бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» өзгертті.

Fitch Ratings хабарламасында: «Каспийский» банкінің рейтингтерін растау, сондай-ақ ұзақ мерзімді ЭДР бойынша «Тұрақты» болжамы, банктің таза пайдасының тұрақты көрсеткіштерін, бизнестің төменгі деңгейде шоғырландырылғаны мен мықты капиталдандырылғанын көрсетеді», - деп айтылған. Мұнымен қатар, банктің қазақстандық нарық деңгейі бойынша, құрылыс пен валюталық несиелеу секторындағы тәуекелдіктер деңгейі біркелкі.

 «Каспийский» Банкі» АҚ
«Фитч» рейтингі

Ұзақ мерзімді 

 B+

Қысқа мерзімді 

 B

Болжам 

 Тұрақты

Жеке

 D

Рейтингтік қолдау 

 5

«Каспийский» банкінің рейтингілерін растау біздің банктің тұрақтылығы мен сенімділігін мойындау болып табылады, - деп мәлімдеді «Каспийский» банкінің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. - «Каспийский» - Қазақстанның ашық және сенімді қаржы институттарының бірі. Біздің банктің капиталының барабар көрсеткіштері өте жоғары, бізде сыртқы берешек деңгейі ең төменгілердің бірі және банк акционерлері қатарында жетекші халықаралық инвесторлар бар. Бақыланатын өсім стратегиясымен бірге осы үш фактордың қиысуы біздің банктің одан әрі дамуының сенімді іргетасы және халықаралық инвесторлар мен рейтингтік агенттіктер тарапынан артылған сенімі болып табылады».

«Біз үшін клиенттеріміздің сенімі өте маңызды, – деп Михаил Ломтадзе сөзін әрі қарай жалғастырды. – Соңғы 4 айда Каспийскийдің депозиттері мен несие портфелі 25%-ға артты. Маусым айынан бастап депозиттер 60 миллиард теңгеден 75 миллиард теңгеге дейін, соған сәйкес несиелер де 150 миллиард теңгеден 190 миллиард теңгеге дейін көтерілді. Алдағы жылы біз серпінді өсуді әрі қарай жалғастыра отырып, инвестицияны филиалдық желіні дамытуға саламыз және өз клиенттерімізге жаңа өнімдер ұсынамыз. Олардың сенімі - біздің тұрақтылығымызды, сенімділігімізді және біз таңдаған стратегияның дұрыстығының ең басты айғағы».
 
Келесі жылы «Каспийский» банкі бөлшекті бағытты дамыту жөніндегі жоспарларын іске асыруды жалғастырмақ, атап айтқанда, банк шағын және орта бизнесті несиелеуді, депозиттік базаны ұлғайту мен халықаралық қаржы институттарынан ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамту есебінен тұтыну несиелерін дамытуды жоспарлауда. Биылғы жылдың қараша айында Каспийский шағын және орта бизнесті несиелеу үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінен 60 миллион $ бес жылдық несие алды.

«Каспийский» Банкі» АҚ:
«Каспийский»Банкі» АҚ 238 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 37 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007-жылдың 9 айының негізгі нәтижелері бойынша несиелік портфель 178 миллиард теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Каспийский» Банкі» АҚ-тың инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994-жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қор инвесторлары арасында: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар секілді танымал халықаралық қаржы институттары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.
www.bvcp.ru


Қосымша мәлімет алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта: Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7--777-232-51-12
+7-701-223-87-85

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқарманың жетекші маманы
 Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
19-желтоқсан 2007-жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер