Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жедел іске асырды

kaspi bank «Самұрық – Қазына» қорының ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын толық көлемде іске асырды. Банк 921 ипотекалық несиені қайта қаржыландырып, қордың бөлген 3 миллиард теңгесін игерді. Қайта қаржыландырылған несиенің орташа сомасы 3,3 миллион теңгені құрады.

Барлығы да бағдарламаны іске қосудан басталды: банк бүкіл Қазақстан бойынша қарыз алушылардан жалпы сомасы шамамен 3.5 миллиард теңге болатын 1000 астам өтінімді қарауға қабылдады.

Өтінімнің көп бөлігі Астана, Алматы және Қарағанды облыстарынан келіп түсті. Алайда ауқымды филиал желісінің арқасында kaspi bank барлық аймақтардың клиенттеріне мемлекеттің ақшасына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен, қайта қаржыландырылған несиелердің басым бөлігі жылжымайтын мүліктің бағасы қымбат Алматы мен Астана қалаларының үлесіне емес, аймақтардың үлесіне тиді.

Қайта қаржыландырылған қарыздардың саны көп бес қала

Қалалар

Қайта қаржыландырылған қарыз саны

 Өскемен

 84

 Ақтөбе

 72

 Шымкент

 72

 Сәтбаев

 54

 Рудный

53


- Мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасаған кезде біз, ең алдымен, әңгіме мемлекеттің ақшасы турасында екенін түсіндік. Сондықтан жылжымайын мүлікті алып-сатарлық мақсатта емес, өз өмірін жақсартқысы келіп сатып алған клиенттерді таңдадық, - дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Мемлекеттің тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында енді жүздеген отбасы жақсы жағдайларда өмір сүретін болады. Ал біз өз тарапымыздан бұл қорды қазақстандықтарға мүмкіндігінше жылдамырақ беруге тырыстық.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток  Кэпитал Партнерс» ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777-232-51-12

Алматы, Қазақстан:
15 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер