Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «киноға» барады 

«StarCinema» кинотеатрлар желісі Қазақстандағы бизнесін айтарлықтай кеңейту үшін kaspi bank-інен ұзақ мерзімді қаржыландыруды алатын болды.

kaspi bank «Star Cinema» кинотеатрлар желісін дамытуға 12 миллион доллардан астам мөлшерде қаржы беретін болды. Бұдан әрі банк қаржыландыру көлемін 30 миллион долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қазіргі сәтте «Star Cinema» кинотеатрлар желісінің Қазақстанда 16 залдан тұратын мультиплекс пішіміндегі 3 кинотеатры бар. Бұл «Мега Центр» Алматы, «Сити плюс» Алматы және «Сити плюс» Талдықорған сауда – ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар. Кaspi bank-інің берген қаржысы биылғы жылдың өзінде кинотеатрлардың санын 2 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Мультиплекстер, жаңа уақыттың өнімі сияқты, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан және көптеген картиналарды жалдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан бойынша мұндай кинотеатрлардағы залдардың саны үш – сегіз залдан. Бұл кезде толық саны нақты қаладағы тұтынушылар сұранысының көлеміне байланысты. Нарықтағы сарапшылардың кинокөрініс түріндегі мультиплекстер кеңестік типтегі залдардан біршама әсерлі деген пікірлері бір жерден шығып отыр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 7 миллион қазақстандықтар кинотеатрларға келген, бұл бұдан төрт жыл бұрынғымен салыстырғанда 2 есе көп.

Қазақстандық кинонарық қазіргі сәтте белсенді, қарқынды құрылу және даму сатысында. «Невафильм research» агенттігінің деректері бойынша, дамыған елдерде 1 кинотеатрға шамамен 60 мың тұрғын келеді. Бұған сай Қазақстанның аумағында 200 астам кинотеатр жұмыс жасауға тиіс.

«StarCinema» компаниясымен серіктестік орнату kaspi bank-інің корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу саясатына тамаша үйлеседі, – дейді kaspi bank-інің Басқарма төрағасының орынбасары әрі корпоративтік бизнес басшысы Нұрбол Самзаев. – Бизнес жаппай нарыққа арналған, онда қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттары бар, оған қоса барлық қаржыгерлер жақсы киноны ұнатады. Біз kaspi bank-інің қаржыландыруының арқасында мыңдаған қазақстандықтардың жаңа киноларды тамашалай алатынына қуаныштымыз».

«Қазақстандық кино нарығы - ТМД елдерінің ішіндегі болашағы зор әрі ең қызықты нарық, – деп пайымдайды өз тарапынан «StarCinema» бас директоры Тагер Садеков. – Біздің мақсатымыз - мультиплекс саласында көшбасшы болу. Ұзақ мерзімді қаржыландыруды алу - біздің ұзақ мерзімді сәтті дамуымыздың негізі. Биылғы жылы біз қазақстандықтардың назарына жаңа блокбастерлерді ұсынамыз әрі жаңаша жабдықталған бірнеше кинотеатрларды ашамыз. Барлықтарыңыздың тамашалауларыңызға тілектеспіз!».

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде Каспи Банкі, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
27 мамыр 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер