Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

ХАБАРЛАМА

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 2015 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі жасалатын күн – 2015 жылғы 28 сәуір.
Күн тәртібінде:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  3. 2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту;
  4. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2014 жылғы бір жай акциясына есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  5. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2015 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
  6. Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;
  7. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  8. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесін сайлау және оның өкілеттіктерінің мерзімін анықтау туралы;
  9. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесіне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы және шығыстарының өтемақысын төлеу талаптары мен олардың мөлшерлерін анықтау туралы.

2015 ж. 15 мамырдан бастап акционерлер танысу үшін күн тәртібінің сұрақтары жөніндегі материалдар 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында («Kaspi Bank» АҚ-тың ДКА Меншікті капитал бөлімінде) қолжетімді болады. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 ж. 27 мамырда сағат 9.30 минуттан басталады.
Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің екінші жалпы жылдық жиналысы 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында 2015 ж. 28 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де өткізіледі.

Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болу керек.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер