Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank-і «Business Resource» медиахолдингінің рейтингінде бірінші орынға ие болды

«Business Resource» медиахолдингінің сараптама қызметі Қазақстандағы баспасөз қызметі және банктер мен компаниялардың PR-департаменттерінің алғашқы рейтингін жасады. «Business Resource» сарапшылары экономиканың әр түрлі саласында жұмыс істеп жүрген 50-ден астам ірі қазақстандық компанияларды таңдап алып, олардың баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін бағалауға қатысу үшін БАҚ өкілдерін шақырды.

Бір ай бойы республикалық және аймақтық басылым («Панорама» газеті, «Эксперт» журналы, «Интерфакс Қазақстан» ақпараттық агенттігі, «National Business» журналы, «Курсив», «Литер», «Республика», «Казахстанская правда» газеттері, «Хабар» агенттігі және т.б.) журналистері қазақстандық компаниялардың рейтинг жасауға қатысатын баспасөз қызметтерін мынадай критерийлер бойынша бағалады: ашықтық, кәсіби іскерлік, жылдамдық, әлеуметтік жауапкершілік және креативтілік.

Нәтижесінде «Business Resource» қызметі барлық номинация бойынша ең көп балл жинаған үш жеңімпазды анықтады.

Рейтингте бірінші орынды kaspi bank-інің баспасөз қызметі, екінші орынды - GOOD агенттігі, үшінші орынды – Еуразиялық Банк иеленді.

- Біз әріптес журналистердің мойындағанын мақтан тұтамыз және бұл сыйлық біздің ынтымақтастығымыздың тиімділігін білдіреді. Біздің баспасөз қызметі бір жыл ішінде әр түрлі басылымдарың байқауында екінші рет бірінші орынға лайық деп танылып отыр, – деп түсіндіреді kaspi bank-інің атқарушы директоры Лариса Пак. – Қазіргі уақытта kaspi bank-інің нарықта кеудесін кере өсуге мүмкіндігі бар және ең маңыздысы – біз қалыпты жұмыс істеп, жаппай несиелеп отырмыз, бізге салымшылар сенеді. Клиенттердің сенімі – ең басты активтердің бірі, сондықтан банктің ашықтығы арқылы осы активтің әрқашан өсіп отыруына банк барын салады.

«Business Resource» медиахолдингі болашақта БАҚ байланыс бойынша мамандардың рейтингін жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Өз тарапынан kaspi bank-і қазақстандық компаниялардың тазалығы мен ақпараттық белсенділігін көрсететін барлық әділ рейтингтерге қатысуын жалғастырады.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» 267 млрд теңгеден астам активтерімен және 44 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің ондығына кіреді. Банк тұтынушылық несиелеуде көшбасшы орынды алып отыр. Банктің бөлшекті желісі 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 150 бөлімше мен 514 тұтынушылық несиелерді сату орындарынан тұрады.
«Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы - Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші тікелей инвестициялау қоры www.kaspibank.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД –дағы инвестицияларда мамандануда. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияға $600 млн астам инвестициялар берген, олардың арасында қаржы қызметі саласындағы, мұнай-газ салаларындағы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық саладағы kaspi bank, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, СладКо, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бір қатар табысты компаниялар бар. Қор инвесторларының арасында Қайта құру және дамудың Еуропа Банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы сияқты танымал халықаралық қаржы институттары және әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, өкіметтің инвестициялық корпорациялары, Еуропа, Америка және Азиядан университет қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд активтері бар тікелей инвестиция қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.
«Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы - Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші тікелей инвестициялау қоры.

Қосымша ақпарат үшін мына маманға хабарласуға болады:
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Ботагөз Жұманова
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы телефоны: +7-701-223-87-85
 +7- 777-232-51-12

Алматы, Қазақстан:
12 мамыр 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер