Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қаржылық қолдау көрсетеді

kaspi bank Жеңіс күніне орай банктің клиенті болып табылатын 2 650 ардагерге 14 млн теңге шамасында қаражат бөледі.

– Біз соғысты басынан кешірген және соғыстан кейінгі жылдары еліміздің соғыс зардаптарынан арылуына атсалысқандардың барлығына бас иеміз, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Бүгінгі күні бүкіл әлемге төнген экономикалық қиыншылықтарды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың жағдайымен мүлдем салыстыруға болмайды. Біздің банк ізгі дәстүр бойынша майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтайды. Биылғы жылы біз Қазақстан бойынша банктің 2,5 мыңнан астам ардагер-клиенттеріне материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдадық.

Өткен жылы банк 1,5 мыңнан астам ардагерді құттықтаған болатын, ал биыл клиент базасының өсуіне байланысты банк қаржылық қолдау көрсететін, соғыс ардагерлері болып табылатын клиенттердің саны 70 % өсті.

Ломтадзе мырзаның айтуы бойынша, қызметкерлер kaspi bank-інің клиенті болып табылатын әрбір ардагерге гүл шоқтарымен бірге 5 мың теңге сыйлықты салтанатты түрде табыс етеді, ол үшін банкке шақырады немесе қажет болған жағдайда үйлеріне жеткізеді.

Банк сондай-ақ Берлинге шабуыл жасауға әрі оны басып алуға қатысқандарға, бұрынғы фашизм тұтқындарының Қазақстандағы қауымдастығы, Қазақстан 100-ші жеке атқыштар бригадасы ардагерлеріне де қаржылық қолдау көрсетті.
 
kaspi bank барлық ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7 (701) 223-87-85
 +7 (777) 232-51-12

Алматы, Қазақстан:
7 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер