Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Журналистермен түскі кофе

5-қыркүйекте Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе және Директорлар Кеңесінің Басшысы Вячеслав Ким отандық және шетелдік басылымдардың редакторлары мен жетекші журналистерін бір шыны кофеге шақырды.

Баспасөз өкілдерімен бейресми жағдайда әңгімелесу «Рахат Палас» отелінің жазғы «Тау Самал» мейрамханасында өтті. Әңгіме барысында «төртінші билік» өкілдері «бұрқыраған» жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға банкирлеріміздің көзімен қарап, Қазақстанның банк секторы мен тұрғын үй нарығының дамуының шынайы болжамымен танысты.

Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким көптеген Қазақстандық банктерге әсер еткен өтімділік дағдарысына өз пікірлерін білдіріп,«Каспийский» Банкінің бизнес үлгісі мен позициясын түсіндірді. «Каспийский» Банкі бақыланатын өсімге бағытталып, халықаралық нарықтардан миллиардтаған доллар тартпағандықтан, қазіргі халықаралық нарықты «басып қалған» ипотекалық дағдарыстың легі, біздің банкке өзі жайлы ақпаратты кәсіби менеджменті бар тұрақты банк ретінде шегелей түсуге мүмкіндік береді. Басқа Қазақстандық банктер несиелеуді кідіртіп немесе мүлдем тоқтатып тастаса, «Каспийский» Банкі ай сайын шамамен 11 млрд. теңге беруде, биылғы жылдың маусымымен салыстырғанда несиелеу көлемі соңғы айларда 20-30%-ға өсті.

Мұндай жағдайда менеджмент жүргізетін баға саясаты қандай болады деген сұраққа Михаил Ломтадзе:- Біз демпинг жүргізбейміз, алайда Қазақстанның табысты банктерінің бірі болғымыз келетіндіктен, ставкаларымыздың деңгейі нарықпен бірге өсіп отырады, - деп жауап берді.

Журналистермен емін-еркін өткен әңгіме топ-менеджменттің ашық және қол жетерлік қаржы құрылымын құрғысы келетінін тағы бір дәлелдеді.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер