Депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендету
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ұсынысына сәйкес kaspi bank 1 сәуірден бастап теңгедегі депозиттер бойынша жылдық 10% деңгейінде және валютадағы депозиттер бойынша жылдық 7% деңгейінде мөлшерлеме белгілеп отыр.
«Депозиттерге кепілдік беру жүйесі – депозиттік базаның өсуіне және банк жүйесінің тұрақтылығына себепші болатын қаражатты қайтарудың мемлекеттік кепілдіктері. Бұл сондай-ақ өз салымдарын еліміздің банктеріне сеніп тапсыруға шешім қабылдаған клиенттер үшін маңызды фактор, – деп түсіндіреді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михал Ломтадзе. – Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қызмет көрсету сапасын жақсарту және клиенттерге қолайлы әрі тиімді өнімдер ұсыну».
kaspi bank өз клиенттеріне ең тиімді әрі қолайлы депозиттерді ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін +9999 (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) телефоны арқылы хабарласыңыз.