Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank 7 жылда 2 миллионнан астам тұтынушылық несие берді!

7 жыл бұрын, 2003 жылғы 19 наурызда Қазақстанда тұрмыстық техника сатып алуға тұңғыш тұтынушылық несие берілген болатын. Алғашқы тұтынушылық заем 38 мың теңгені құрады.

7 жылда kaspi bank 2 миллионнан астам тұтынушылық несиесін берді. Соңғы бірнеше жылда kaspi bank өнім желісін айтарлықтай кеңейтті және клиенттерге жаңа әрі тиімді өнімдерді ұсынды.

– Жеке тұлғаларға банк өнімдерін ұсыну және қызмет көрсету – біздің басты басымдығымыз, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – 7 жыл бұрын бұл «жедел несиелер» болатын. Бүгінгі таңда бұл жедел несиелер емес, әлемдік ең үздік стандарттарға сәйкес әзірленген тұтынушылық несиелері мен банк қызметі. Несие карталары, қолма-қол несие мен зат сатып алуға берілетін несие – халық арасында ыңғайлы әрі көп талап етілетін өнімдер. Біз сондай-ақ тұтынушылық сұранысты және еліміз бойынша жүздеген сауда кәсіпорындарын қаржыландырамыз, олар бізбен жұмыс жасаудың нәтижесінде өздерінің сатылым арналарын ұлғайтады, бизнесін дамытып, кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер алады. 

2009 жылы kaspi bank клиенттерге өз қаржысын басқаруға және несие желісін тұрақты иеленуге мүмкіндік беретін револьверлік картаны ұсынды. Оған қоса клиенттерге 1,5 миллион теңгеге дейін тұтынушылық несиесін алуға болатын түрлі өнімдер әзірленді. 2010 жылдың басында банк пен сауда желілерінің клиенттеріне тауарларды бөліп-бөліп төлеуге сатып алуға және артық төлемсіз тауар құнын ғана қайтаруға мүмкіндік беретін ортақ бағдарламалар іске қосылды. Бұл жағдайда банк пен сауда желілері қазақстандықтарға жағдай жасап, оларға мұнан да тиімдірек шарттарды алуға көмектесу үшін жеке кірістілігін төмендетті.

– Біз клиенттерімізді әрдайым қанағаттандыру үшін бәрін жасаймыз, – дейді банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Технологияларға, бөлімшелерге және қызметкерлердің біліміне инвестициялаймыз. Біздің мақсатымыз – банкті клиенттеріміздің қажеттіліктерінің айналасында құру. Сондықтан біз клиенттерімізге қажетті өнімдерді ұсынамыз, бөлімшелерімізді де клиенттерге ыңғайлы орында ашамыз. Біз үнемі даму үстіндеміз, осы жылдың ішінде бұдан да қызықты әрі тиімді өнімдерді ұсынбақшымыз.

Несие тәуекелдерін бақылау – kaspi bank үшін маңызды негізгі басымдық. Қазіргі сәтте банк шамамен әрбір екінші жаңа клиентке несие беруді мақұлдауда.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд теңгеден астам активтерімен және 44 млрд теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.    Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
19 наурыз 2010 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер