Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Қазақстандық банктердің активтерінің cапасына қатысты Fitch агенттігінің соңғы есебіне түсініктеме

21 сәуірде Fitch Ratings агенттігі несиелердің банк секторында құнсыздануы әлі дағдарыс деңгейіне жетпегенімен, қазақстандық банк жүйесі активтерінің сапасы 2007 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда біршама нашарлағаны туралы айтылған арнайы есеп жариялады. Рейтинг агенттігінің есебіне сәйкес, Альянс, одан кейін Каспий және Қазкоммерц банктерінде несиелерінің құнсыздану көрсеткіші едәуір өскені байқалған.
 
Осыған орай, назарларыңызға Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің түсініктемесін ұсынамыз

Михаил ЛомтадзеFITCH халықаралық рейтинг агенттігінің талдаушылары сөз еткен үрдіс заңды деуге болады. Бұл жалпы банк секторының несиелеу қарқынының төмендеуімен байланысты. Банктер үлкен көлемде несиелер берген кездері берешегін бір банктен екінші банкке үнемі қайта қаржыландырған клиенттер пайда болды. Енді несиелеу көлемі азайтылған кезде, бұл клиенттер қайта қаржыландырыла алмай, несиелерінің мерзімін өткізе бастады. Fitch осы тәуекел мен үрдіс туралы сөз етуде.

Дегенмен, мен Fitch-тің есебіне екі түсініктеме берер едім.

Біріншіден, Fitch бірінші тоқсанның деректерін, әсіресе қаңтар айының деректерін алғаны дұрыс емес. Алғашқы екі ай әрқашанда маусымдылыққа байланысты бизнес қарқынының төмендеуімен ерекшеленеді. Қаңтарда жаңа жылды тойлағаннан кейін, төлемдік тәртіп төмендейтіні белгілі. Наурыз айында және екінші тоқсан бойы жағдай біршама жақсара түседі. Мысалы, Каспий банкі портфелінің сапасы ақпан айымен салыстырғанда наурыз айында 15%-ға жақсарды.

Екіншіден, Fitch деректерді ҚҚА-ның деректеріне сүйене отырып қалыптастырады. Бұл қазақстандық банктердің арасында салыстыруды стандарттау мақсатында жасалады. Сонымен қатар ҚҚА-ның несиелерді топтастыруында және провизияларды қалыптастыруында халықаралық тәжірибеден айырмашылығы бар. Егер Fitch несиелер бойынша төлем мерзімін өткізіп алған күндер саны негізгі қарапайым фактор болып табылатын халықаралық стандарттар бойынша талдау жасаса, дұрыс болар еді. Топтастырудың халықаралық нормасы бойынша 90 күннен асқан несиелер мерзімі өткен болып есептеледі. Бірақ, өкінішке орай, мұны барлық банктер бірдей пайдаланбайды. Нәтижесінде Fitch-ке салыстыру қиынға соғады. Каспийде біз бұл тәжірибені 2007 жылдың аяғында енгіздік. Бізде бірінші тоқсан көрсеткіші шамамен 3.2% шамасында, дәл осы көрсеткіш 2007 жылдың аяғында да шамамен 3% болды.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
«Каспий» банкінің БАҚ-пен жұмыс басқармасының бастығы
Тел: 250-19-13 ішкі1376
Электрондық пошта: Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел.: +7 701 223 87 85
+7 777 232 51 12
www.bc.kz

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен тұрады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар сынды танымал халықаралық қаржы институттары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер