Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Media-курултай 2009

Баспасөз құрылтайы – 2009

Алматыда кезекті Баспасөз құрылтайы өтті, онда БАҚ өкілдері шенеуніктермен болған және бизнестегі экономикалық мәселелерді талқылады. kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе іскерлік басылымдардың бас редакторларымен және аймақтық БАҚ өкілдерімен кездесті, дағдарыстың негізгі сабақтары жайлы әңгімелеп, бүгінгі таңдағы маңызды сұрақтарға жауап берді.

Осы сұрақ-жауапты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Мұнан экономикалық тоқыраудан қалай шығуға болатынын, түрік банкирлерінің – тұрақтылықтың үлгісі болу себебін, Қазақстанда жаңа брендті іске қосу құны қанша тұратынын және kaspi bank жеке тұлғалар үшін интернет-банкингті қашан іске қосатынын біле аласыздар.

kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил ЛОМТАДЗЕ:

Мен соңғы екі жылдағы әлемдік дағдарыс тәжірибесін ескере отырып жасаған қорытындыларымыз, одан бизнестің қандай сабақ алғаны, неге біз оған мүмкіндік ретінде қарайтынымыз жайында әңгімелесем деп едім. Алдағы 3 жылда ол банк секторы үшін де, еліміз бен жалпы экономика үшін де өте жағымды фактор болмақ.

Дағдарыс әрбір 6-10 жыл сайын болып тұрады. Сірә, Қазақстан үшін – бұл мұндай ауқымдағы тұңғыш дағдарыс, алайда соңғысы емес екені де анық. Әлемдік дағдарыстың себебі – бірдей бағаланбаған өте көп күрделі қаржы құралдарының пайда болуы. Яғни көптеген қаржы компаниялары сатқан құралдардың нақты негіздемелері болған жоқ және оларды сатып алған адамдар осы құралдар үшін ақы төлегендерден тіптен алшақ болғандықтан, осы күрделі қарама-қайшылыққа алып келді. Былайша айтқанда, Америкада ипотекаға үй сатып алған адам мен Оклахомадағы осы бейшара американдықтың төлем қабілеттілігіне тәуелді қағазды сатып алған Норвегиядағы зейнетақы қоры бір-бірінен өте алшақ болды, сондықтан қор бұл құралдың тәуекелділігін бірдей бағалай алмады. Тәуекел бағасына өкілдік берілді, рейтинг агенттіктері бұл қаржы құралдарын ААА деңгейінде бағалады. Нәтижесінде тәуекелдіктердің бағасы мен жергілікті жердегі нақты адамдардың төлем қабілеттілігінің арасында қатынас үзілді. Қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі мәселесі қиындай түсті, себебі қаржы нарығына қатысушылар көптеген күрделі қаржы құралдарына сенімін жоғалта бастады, қатысушылар сұрақтарды көптен қойған сайын, олар одан сайын туындай берді, соғұрлым олар жауабын да таба алмады.

Жағдайды аудиторлық практикамен салыстыруға болады. Сіз білесіз бе, аудиторлық компания қаржылық есептілікті тексерген кезде, мысалы банктің, берілген жүз мыңдаған несиелердің бәрін тексермейді. Аудиторлар 10 несиені алып тексереді, егер олардан кемшіліктерді анықтаса, тағы да 10 несиені, содан соң тағы да 10 несиені, тағы да 10 несиені тексереді, оларда неғұрлым көп сұрақ туындаған сайын, соғұрлым тексеруді де күшейте түседі.

Дағдарыс кезінде де дәл солай болды, себебі бүкіл әлемдік экономика біріктірілген. Қазақстанда дағдарыс экономикадағы іргелі мәселелердің салдарынан емес, біздің еліміздің тартымдылығының аса жоғарылығынан болды және сыртқы капитал нарығы қазақстандық компанияларды өте белсенді түрде қаржыландырды. Жыл сайын елімізге ондаған миллион доллар кіріп тұрды және осы ондаған миллион доллар елімізде де, сол сияқты коммерциялық банктер арқылы одан тыс жерлерде де орналастырылды.

Әрине, өте жылдам өсу әрі бұл орайда сапалы шешім қабылдау мүмкін емес.

Сыртқы нарық бір сәтте жабылып, елімізге келіп тұрған ондаған миллион доллар кірістің бірден тоқталуы экономикаға ықпал етті.

Өз кезегінде, сыртқы нарықтардың жабылуы ішкі қорлардың маңыздылығын өзекті еткен болатын. Банктердің өз бизнес-модельдерін қайта құрып, депозиттерді біршама белсенді тартуына аз уақыт қажет болды, ал халықтың банкке деген сенімі арта түсті.

Дағдарыс уақытында бизнес саласында былайша болады: әлсіздер мен сапасыздар жойылып, күштілер мен батылдар дағдарысқа дейінгімен салыстырғанда біршама қарқынды дамып, өсімі де арта түседі.

Дағдарыста қазақстандық бизнес ең маңызды нәрселерді түсінді. Біріншіден, егер бұрын ақшаны жұмсай білу маңызды болса, қазір оны табуды үйрену қажет.

Банк секторында ақшаны шығыстарды оңтайландырумен, қызмет көрсету жылдамдығымен талап етілетін өнімдерді беру арқылы ғана табуға болады. Егер бұрын клиент банктерге жүгірген болса, енді банктер өз клиенттерінің соңынан жүгіретін уақыт келді.

Осының барлығын жасайтын, сонымен бірге еңбек нарығында біршама көбейе түскен кәсіпқойларды да өздеріне тартатын компаниялар мен банктер дағдарыстан жеңімпаз болып шығады.

Бүкіл банк индустриясы үшін тағы да бір аса маңызды мәселе бар – бұл қаржы секторын реттеу. Бүгінгі таңда бүкіл қаржы әлемін маңызды мәселе толғандыруда: бұл тәуекелді азайту және бұдан әрі даму мүмкіндігін сақтай отырып, экономиканы қаржыландыруды жалғастыру үшін банктерді қалай реттеу керек деген мәселе. Осы екі қызығушылық арасындағы теңдестікті табу аса маңызды. Мен Қазақстанның банкирлері мен реттеушілерінің арасында бірлік болуы тиіс деп ойлаймын, себебі банк секторы кез келген жағдайда дамуға негізгі қозғаушы күш болып табылады, себебі банктер компанияларға даму үшін қор, ал халыққа – олар осы компаниялардың тауарларын көбірек сатып алуы үшін қаражат береді.

Марат Қайырленов («National Business» журналы): Барлық бизнестегі жаңа тренд – бұл бөлшекті тауар айналымын қысқарту, біз сондай-ақ банк секторында депозиттердің аздап қысқартылғанын көреміз. Сіздің ойыңызша, дағдарыстың үшінші толқынының туындау ықтималдығы қаншалықты? Екінші сұрақ – банктердің несие портфелінің сапасы. Портфельдің сапасына қатысты мәселе барлық банкте бар, яғни жүйелі сипатқа ие деп айтуға бола ма немесе бұл жеке банктерге ғана тән мәселе ме?

– Үшінші толқынға қатысты… мен олардың есебінен шатасып қалдым (күледі – ескерту). Шынымды айтсам, дағдарыстың үшінші толқынына себеп Қазақстаннан гөрі халықаралық нарықта басымырақ. Олардың құралдары біршама күрделі.

Сіз бөлшек бизнес және тауар айналымы турасында сөз қозғадыңыз. Мысалы, Америкада маржа бөлшекті бизнестің не бары 1-2%, ал Қазақстанда маржа 5-15% құрайды. Бұл тауардың құнына ғана байланысты емес, біздің елімізде операциялық шығыстар Батыстағыға қарағанда төменірек. Батыста бір брендті іске қосу үшін брендке және сол елге байланысты 10-50 миллион доллар жұмсау қажет, ал Қазақстанда бөлшекті брендті іске қосу үшін одан 3-4 есе аз ақша қажет. Қазақстанда қазіргі уақытта қосымша дағдарыс көздерінің бар-жоғы туралы емес, экономиканы дамытудың көздерін қалай табу керектігін ойлану қажет деп білемін. Сырттан қаржыландыру тоқтатылғалы бері 2 жыл өтті және осы уақыттың ішінде көптеген компаниялар қайта құрылды. Мысалы, қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын компаниялар бірінші кезекте, өкінішке орай, қызметкерлерін қысқарту есебінен шығыстарын 50% қысқартты. Үлкен қысқартуларды күтудің қажеті жоқ, ең бастысы, кез келген банк үшін ендігі кезекте өсу көзін іздестіру қажет.

Мұндай экономикалық өсу көзі бірінші кезекте, халық тауар мен қызметті көбірек сатып алуға мүмкіндігі болуы үшін, тұтынушылардың сұранысын несиелеу болатынына сенімдімін. Халық бұған кірісе салысымен, компаниялар қосымша кірісті алады, қарқынды түрде дами түседі әрі тоқырау да болмайды. Мәселе осы өтпелі кезеңнің қанша уақыт алатынында. Менің ойымша, үшінші немесе төртінші толқын – бұл көбінесе батыс нарығы турасындағы әңгімелер.

Қазақстанның экономикасы мен инфрақұрылымы батыс елдеріне қарағанда біршама қарапайым. Банк жүйесіндегі несие портфельдерінің сапасы экономикалық жағдайдың көрсеткіші деп ойлаймын. Былайша айтқанда, егер кез келген коммерциялық әмбебап банктің кез келген портфелін алатын болсақ, ол экономикада болып жатқаннан айтарлықтай жақсы болуы мүмкін емес, дегенмен, егер жылжымайтын мүлікті, құрылысты және т.б. несиелеуде қиғаштық болса, ол біршама нашар болуы да мүмкін.

Менің ойымша, биыл және келесі жылдың жартысында несие портфелінің сапасы төмендейді, ең маңыздысы, баяу қарқынмен. Мұның ешқандай жамандығы жоқ, әсіресе, егер банктер қандай да бір шығындарды тіркеп отыратын болса, өйткені бұл шындықпен бірдей көрінісі. Ең бастысы, банктердің капиталы жеткілікті болуы үшін, олардың өз кірістерін арттыруға мүмкіндік беретін бизнесінің болуы және банктердің несиелеуді дамытуына қарай, олар өз шығындарын өтей бастайды. Міне, болды.

Андрей Скирка («Эксперт-Казахстан» журналы): Михаил, менің түсінгенім бойынша, Қазақстанның даму парадигмасы өзгермейді дедіңіз ғой. Сіз тұтынушылық несиелерінің жаңаруын күтесіз, ал бұл дағдарысқа дейін де болған драйвер емес пе еді. Болашақта да дәл солай бола ма не?

– Қазақстан экономикасының өсу белгілері байқалуы үшін банктер біршама белсенді түрде несиелеуі тиіс және компаниялар банктердің оларға қосымша ресурстарды бермеуіне шағымданса, бұл барлығымыз үшін маңызды тапсырма болып саналады. Байланып қалған түйінді қалай шешуге болады: бір жағынан – несие портфельдерінің сапасы нашарлайды, бұл орайда банкирлердің несие бергісі келеді, бірақ мұның салдарынан портфельдің сапасы нашарлап кете ме деп те қауіптенеді.

Мен үшін түрік банктері сапалы несие жүйесінің үлгісі болып табылады. Оларда үнемі дағдарыс болып тұратындықтан, банктерінің және менеджментінің сапасы өте жақсы. Түркияда орта 35 жастағы банкир 3 дағдарысты басынан кешірген, соның нәтижесінде олар дағдарыс уақытында банк бизнесін дамытуда және өзінің кірістілігін ұстап тұруда мол тәжірибе жинақтаған.

Экономиканы дамыту парадигмасына қатысты айтар болсақ, факті факті күйінде қалады. Тұтынушылардың сұранысы экономикалық өсудің іргетасы болып табылады. Мұнымен не айтқым келгенін білесіз бе? Теледидар, тоңазытқыш сатып алу үшін немесе жөндеу жүргізу үшін адам жалақысының әрбір 100 теңгесіне 50 теңге несие ала алатын болса, бұл сол адам үшін тек қана моральдық қанағаттандыру емес, осы тауарлар мен қызметті өндірушілер үшін өндірісін дамытуға қосымша ақша алу мүмкіндігі.

Банк секторы белсенді түрде несиелеуді бастаса, экономика өркендей түседі. Мысалы, біздің банк қазір белсенді түрде несиелеуде және біздің бұлай жасау себебіміз қарапайым. 2 жылдың ішінде біз қарыз алушылардың тәуекелін барабар бағалау үшін қажетті нәрсеге инвестицияладық. Нәтижесінде біз қазір өте сапалы түрде несиелей аламыз.

Арман Шәріпов («Мой бизнес-Казахстан» журналы): Бізде сырттан қарыз алу саласын реттеу ғана әлсіз болған жоқ деген пікір бар, қалай ойлайсыз, тағы бір себебі – бұл корпоративтік басқарудың әлсіздігі емес пе, оған мысал БТА мен Альянс банкінің дефолты, оларда акционерлер мен олармен аффилирленген құрылымдардың арасында мәмілелер болды.

– Өткенге көз салсаң, талдау жасау да, қорытынды шығару да оңай. Алдымызда не боларын білсек, біз бұл жерде отырмас едік, қандай да бір шығанақта демалып жатар еді қой. Кез келген қорытынды белгілі бір оқиғадан соң жасалады. Батыс елдерінде реттеу тәжірибесі жүздеген жылдарды қамтиды, ол күрделі, қатаң әрі әдемі және мұнан асқан жақсартуы болмас. Күтпеген жерден француз банктерінің бірі өз капиталының 25% жоғалтты, бұл бір трейдердің 50 млрд. долларға сатуының нәтижесінде және банк тәуекел-менеджментінде ең үздік атанғаннан кейінгі 2 күннен соң болды. Немесе, мысалы, 2002 жылы банкротқа ұшыраған компания 7 жылдың ішінде Американың ең жаңашыл компаниясы атанды. Компания «Энрон» деп аталды, ол топ-менеджменттің компанияның шоттарымен баланстан тыс тарнзакциялармен айналысуының салдарынан банкротқа ұшыраған болатын. Бұл әлемдегі ең қатаң реттеуге қол жеткізген Америкада болған жағдай! Сондықтан мұндай фактілер болды, олар қатаң болады, тек олардың туындау себебін үнемі есте сақтап, қорытынды жасауды әрі реттеуді өзгертіп отыру қажет.

Дағдарыс – бұл кейінгі дамуға негіз. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, ешқашан қорытынды жасағанда асыра сілтеуге болмайды, себебі осы сектордың дамуына шектен тыс шектеу қойып алуымыз мүмкін. Ал бұл барлық экономика үшін жағымды болмауы мүмкін.

– Біз сіздердің банктің өте күшті жарнама науқанын өткізгендеріңізге куә болдық. Мені сіздердің қаржылық үміттеріңіз ақталды ма, жоқ па, егер ақталса, қандай қаржылық нәтижелерге қол жеткізгендеріңіз қызықтырады.

– Бұл қиын сұрақ, себебі маркетингілік шығыстарды оның тиімділігімен байланыстыру оңай емес. Бізде ребрендинг бойынша идея бұрыннан бар еді, біз оған көп күш жұмсадық. Барлық науқан қаржылық мақсатқа байланысты болмады, бізге көбінесе бір жаңа нәрсеге инвестициялау маңызды болды. Біздің жаңадан енгізген брендіміз – бұл kaspi bank-іне дейінгімен салыстырғанда біршама жақсы, серпінді, қазіргі заманға сай, агрессиялық брендтің тұсаукесері.

Қол жеткізген нәтижелер тұрғысынан қазір біздің банк – танымал топ-банк. Нақты нәтижелерге қатысты айтатын болсақ, онда, мысалы, биылғы жылы біз депозиттеріміздің санын шамамен екі есеге арттырдық. Қазақстанның кез келген азаматы несие алғысы келген уақытта бірден есіне біздің банк түссе, депозит жайында да дәл солай деп ойлап едік. Біз бұл мақсатымызға қол жеткіземіз. Депозит бойынша бізде көрсеткіштің төмендеген кезі болған емес, үнемі жоспарлаған шамада болады, ал тұтынушылық несиелерін беруді біз 2 есеге арттырдық. Қазір біз бөлімшелер ашумен айналысып жатырмыз. Біз 12 айдың ішінде тартымды несие мен депозиттерді ұсынатын жас кәсіби қаржы менеджерлері жұмыс жасайтын ыңғайлы әрі қазіргі заманға сай бөлімшелерді ашуымыз керек. Егер біз осының барлығын жақын арада орындап үлгерсек, бәсекелестерімізге kaspi bank-інің шаңына ілесу қиынға соғады.

Андрей Скирка («Эксперт-Казахстан» журналы): Қазақстанда интернет-банкингтің аса дамымағаны шындық, kaspi bank-інің оны енгізудегі және дамытудағы жоспары қандай?

– Қазіргі сәтте біз несие карталарын шығаратын ең үлкен қазақстандық банкпіз және соған сәйкес келесі жылы біз қажет ететін сегмент үшін интернет-банкингті іске қосатын боламыз. Интернет-банкинг барлық клиенттерге қажет емес және Интернет-банкингке қызығушылық білдіретін шамамен миллион адамнан тұратын клиенттер сегменті бар, өйткені олар төлем жасау және т.б. үшін бөлімшеге барғысы келмейді.
Дәл осы сегмент үшін біз алдағы жылы интернет-банкингті іске қосамыз. Бірақ біз үшін банк сияқты клиенттермен физикалық байланыста болу қажет, біз оларды бөлімшемізден көргіміз келеді. Бұл өте маңызды әрі бұрынғысынша өзекті, себебі каталог пен интернеттің пайда болуына қарамастан, адамдар қарапайым дүкендерге келетін, келгісі келеді және әлі де келетін болады.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер