Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Каспийский» банкінің қызметкерлері бір күндік жалақы қорын қаза тапқан шахтерлердің отбасына аударатын болды.

2008-жылғы 12-қаңтарда Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасындағы жарылыстан 30 шахтер қаза тапты.

«Каспийский» банкінің Қарағанды филиалының қызметкерлері бір күндік жалақы қорын зардап шеккен отбасыларға аударуға шешім қабылдады. Одан басқа, Алматы қаласында орналасқан банктің бас кеңсесі бұл қордың сомасын екі еселейді. Сонымен, көрсетілетін көмектің жалпы сомасы 800 мың теңгені құрайды. Ақша қаза тапқандардың отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына аударылады.

Қаза тапқандардың бірі Артем Потапчук, сондай-ақ бақилық болған Александр Ярыштың әкесі Каспийскийден қарыз алған болатын, олардың берешектері банктің өз қаражаты есебінен жабылады.

– Бұл – барлығы үшін жан түршігерлік оқиға, әсіресе дәстүрлі шахтерлер әулеті бар қарағандылықтар үшін, – деді «Каспийский» банкінің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біз қайғыларына ортақтасып, шын ниетімізден көңіл айтамыз.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 238 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 37 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007-жылдың 9 айының негізгі нәтижелері бойынша несиелік портфель 178 миллиард теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Тікелей инвестициялаушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994-жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында: Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар секілді танымал халықаралық қаржы институттары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.www.bvcp.ru


Қосымша мәлімет үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл.пошта: Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12
+7-701-223-87-85

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы: +7-777-261-15-43
+7-701-758-5042

Алматы, Қазақстан:
15-қаңтар 2008-жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер