Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк«Каспийский» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

 

2006 жылғы 29 мамырда Алматы қ. «Банк «Каспийский» АҚ Акционерлерінің жыл сайынғы жалпы жиналысы болып өтті.

Банк акционерлердің бірауызды шешімімен «Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялау қорының серіктесі Михеил Нугзарович Ломтадзе Банктің Директорлар кеңесінің құрамына кірді. Сондай-ақ Директорлар кеңесінің шешімімен «Банк«Каспийский» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Нұрмұхамед Амангелдіұлы Бектемісов тағайындалды.

Анықтама:

Михеил Ломтадзе «Baring Vostok Capital Partners» серіктесі. Қазіргі уақытта М.Ломтадзе мырза «Baring Vostok Capital Partners» басқаруындағы үш компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі және Ресейдегі жетекші лизингтік «Еуроплан» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. М.Ломтадзе мырзаның басқарушылық және кеңес беру тәжірибесі өте бай.  Baring Vostok компаниясында жұмысын бастамас бұрын Ломтадзе  мырза 2002 жылы оны Ernst & Young компаниясы сатып алған, өзі негізін қалаған Грузиядағы жетекші консалтингіліік және аудиторлық GCG Audit компаниясын басқарды. GCG Audit жетекшісі ретінде Ломтадзе мырза Батыстық  өндірістің банк қызметі, энергетика, телебайланыс және көлік сияқты, қаржы және бағдарлама салаларындағы жетекші инвесторларға кеңес берді. Ломтадзе мырзаның Гарвардтық Бизнес мектебінің магистр дәрежесі, Еуропалық Менеджмент мектебінің бакалавр дәрежесі бар.

Анықтама:

2005 жылдың басынан Н.Бектемісов мырза «Банк «Каспийский» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылы Н.Бектемісов мырза Қазақстанның инвестициялық қорының Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2004 жылға дейін Н.Бектемісов мырза Лондонда GOLDMAN SACHS INTERNATIONAL және MORGAN STANLEY INTERNATIONAL сияқты батыстың жетекші банктерінде қызмет ете жүріп, өзіне мол инвестициялық қаржылық тәжірибе жинақтады. Бектемісов мырза О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді, оның Пенсильвания Университетінің бакалавр дәрежесі, Гарвардық Бизнес мектебінің экономика магистрі дәрежесі бар. 

«Банк «Каспийский» АҚ:
Каспийский Қазақстанның барлық ірі қалалары мен аймақтарында 137-ден астам филиалдары мен бөлімшелері кеңінен тараған аймақтық жүйесімен Қазақстанның жетекші банктерінің ондығының қатарында. «Банк «Каспийский» АҚ активтері 1,4 миллиард  АҚШ долларын құрайды. Каспийский тұрғындарды, шағын және орта бизнесті несиелеуді өз қызметінің артықшылықты бағыты деп санайды. Банк Қазақстандағы халықты жедел несиелеу бағдарламасының негізін қалаушы болып табылады және осы нарықта үш жылдан астам уақыт көшбасшы орында. Банкте 3,500-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер