Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Михаил Ломтадзе: барлық қаржы көрсеткіштері бойынша нәтижелеріміз жақсы, даму серпіні байқалады

Дереккөз: Сұлтан Маметов

kaspi bank 2010 жылдан пайдамен шықты, депозит базасы да өсті. Толығырақ «Kaspi Bank» АҚ басшысы quorum.kz порталына берген сұхбатында.

- Михаил, қалай ойлайсыз, 2010 жыл қазақстандық банктер үшін және сіздің банкіңіз үшін табысты жыл болды ма?
- Көптеген қазақстандық банктер белсенді түрде несиелер бере бастады, бұл жақсы нышан. Банктердің халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін және шағын және орта бизнесті несиелеуі тұтынушылық сұраныстың өсуіне жағдай жасайды. Ал тұтынушылық сұраныстың экономиканың дамуы үшін айрықша маңызы бар. Бір жыл бұрын электроника дүкендерінде, кафелерде, сауда орталықтарында не болғанын және қазір не болып жатқанын салыстырып көріңізші, 12-15 ай бұрынғы жағдайға қарағанда жанданып келе жатқанын көресіз. Барған сайын адамдар тұтынушылық қажеттіліктерін қаржыландыру тұрғысынан өздерін еркін сезінеді. Бұл адамдардың күлімсіреуінен де байқалады. Адамдардың көбі ақшасын жоғалтқан жоқ, себебі ақшасын экзотикалық биржа құралдарына жұмсаған жоқ, біртүрлі тәуекелі жоғары мәмілелерге қатысқан жоқ, сондықтан дағдарыстың толқыны басылғаннан кейін адамдар өмірін жақсарту үшін көбірек тауар сатып ала бастады.

Біздің банк жеке тұлғаларға банк қызметін көрсету сегментінде жұмыс істейді. Клиент базасының өсімі және бүкіл Қазақстанда филиал желісінің дамуы тұрғысынан 2010 жыл біз үшін сәтті болды.

- 2010 жыл сіздің банкіңіз үшін қандай болғанын тарқатып айтып беріңізші.
- Қаржы көрсеткіштеріне келер болсақ, дағдарыстан әрдайым табыспен шыққан жақсы. 2010 жылғы алдын ала қорытындылар бойынша біздің нәтижелеріміз жақсы және барлық негізгі қаржы көрсеткіштері бойынша даму серпіні де жағымды. Бір жыл бұрынғы 3 млрд. теңге шығынмен салыстырғанда, 2010 жылы біздің табысымыз 2 млрд. теңгедей болды. Жеке тұлғалардың депозиттері 70%-ға өсті, еліміздің бүкіл аумағында 40 жаңа бөлімше аштық.

Жеке тұлғалар салымының өсімі – халықпен жұмыс істеу, өнімдерімізді өткізу, жаңа бөлімшелерді ашуға ақша салу тұрғысынан өте маңызды көрсеткіш. Активтер шамамен 15%-ға өсті, бұл Қазақстанның банк жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

- Банктің IPO-ға шығу жөніндегі жоспарлары қандай? Қазір бұған қолайлы сәт болмаса да, банк келешекте мұндай мүмкіндікті жоққа шығармайтын шығар?
- Жалпы нақты бір мерзім белгілеген жоқпыз. Бірақ мұны 2011 жылы жоспарламайтынымызды нақты айта аламын. Ілгері даму, өнімдер желісін кеңейту және клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін банктің капиталы жеткілікті.

- Банкіңіз 2011 жылы да бөлшек саудаға қарай бағдарланатын бола ма? Тұтынушылық несиелердің өсімін күтіп отырсыз ба, бұл немен байланысты болуы мүмкін?
- Осы жылы да банк несиелеу жағынан халықпен белсенді жұмыс істейді. 2011 жылы банктің несие портфелі 20-30%-ға өседі деп жоспарлап отырмыз, яғни клиенттерімізге жаңа өнімдер мен жаңа шарттарды ұсынатын боламыз. Бөлшек сауда – біздің стратегиялық бағытымыз. Бөлшек саудадағы бәсекелестік күшейе түсетінін болжап отырмыз, бұдан жұмысымыз одан да қызықты болмақ.

- Шағын және орта бизнеспен жұмыс ше? Бұл сегмент сіздің банкіңіз үшін қызығушылық тудыра ма?
- Бұл біздің банкіміз үшін маңызды әрі қызықты жұмыс сегменті. Осы жылы бізде заңды тұлғаларға арналған өнімдер мен қызмет түрлері пайда болады. Қандай болғанда да біз ШОБ-пен және заңды тұлғалармен белсенді түрде жұмыс істегіміз келеді.

- Банкіңіз осы жылы ипотекалық несиелер беруді жоспарлап отыр ма?
- Ипотека – қызықты бағыт. Бұған қатысты идеяларымыз бар, бірақ бұл нарыққа 2011 жылы шығуды жоспарлап отырған жоқпыз.

- Револьверлік несиелеу қазіргі уақытта қаншалықты сұранысқа ие?
- Несие карталары бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие және Қазақстан бұдан тыс қалып қала алмайды. Бұл ыңғайлы құрал, басқа несиелерге қарағанда оның артықшылықтары көп, мысалы, несиені өз қалауынша алып, төлеуге, дүкендерде жеңілдіктер алуға, қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болуға, пайыздар бойынша жеңілдік кезеңін алуға болады, т.б. Біз несие карталарының болашағы зор деп сенеміз және клиенттерімізге одан да қызықты және тиімді шарттарды ұсынатын боламыз.

- Сіз келгеннен кейін банкте қандай өзгерістер байқалады?
- Соңғы 3 жылда біз көп идеяларды іске асырдық, енді 2010 жылдан бастап нәтижесін көріп отырмыз. Біздің банкіміз – IT-компания мен бөлшек желісінің қоспасы.

Ең бастысы – міндеттерімізді жеке іске асыру емес, жұмыс істеп тұрған бизнес моделін жасау. Бөлшек бизнесте маңызды бөлшектер мен факторлар көп, мысалға, қызмет қашан, кімге ұсынылады, клиенттерге қызмет көрсету барысы, портфель сапасын басқару, ынталандыру жүйесі, ұйымдастыру құрылымы, желінің орналасуы және оны басқару, қызметкерлерді жұмысқа алу және оқыту, өнімдерді әзірлеу және өткізу, т.с.с.

Осының барлығын бірге жасау – ең күрделі міндет. Біздің жұмысымыз – клиенттерімізге жылдам әрі қарапайым түрде сапалы банк қызметін көрсету. Мақсатымызға жету үшін әлі тынбай тер төгуіміз қажет.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер