Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Каспий банкіндегі үш «жоқ»

Біріншіден, Каспий Банкі қамсыздандыруы ЖОҚ несиелерді ұсынбақ. 1,5 миллион теңгені бір-ақ күнде алуға болады.

Екіншіден, банк ешкім де ақшаның қайда жұмсалып жатқанын білмес үшін көптеген еншілес компаниялардың ауқымды тобын құрғысы ЖОҚ.

Үшіншіден, Каспий Банкі өзінің валюталық орындарын жаппақшы, өйткені алдағы уақытта валюта нарығында болатын алып-сатарлыққа қатысқысы ЖОҚ.
 
Осы туралы өткен аптада «Жеті күн» апталық сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында Каспий Банкінің басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеді. Назарларыңызға сұрақтар мен жауаптардың толық нұсқасын ұсынамыз.

 

«Соңғы тоқсан халыққа жедел несиелер керек пе, керек емес пе, соны көрсетеді»

1. Халықаралық қаржы дағдарысының басталғанына, міне, шамамен бір жыл өтті. Егер біз жағдайды қазақстандық банктермен салыстыратын болсақ, ұзақ мерзімді қаржыландыруды алған санаулылардың бірі – Каспий Банкі. Михаил, осы жыл Сіз үшін қалай өтті?

– Өте табысты өтті. Каспий Банкінің менеджменті үшін негізгі көрсеткіш – халықтың сенімі өсті. 12 ай ішінде біздің банктегі қазақстандықтардың салымы 60%-ға өсті, тек 2008 жартыжылдығында 25%-ға өсті.
Қазір біз нарыққа қызығушылық тудыратын өнімдер, несие алудың жеңілдетілген тәсілдерін ұсынбақшымыз.
Барлық аталмыш өнімдер Каспийдің іргелі жақсару базасында әзірленуде. Мысал үшін айтар болсақ, тек қана инфрақұрылымға 10 млн доллардан көп ақша инвестицияладық. Ағымдағы жылдың соңғы тоқсанының біз үшін көрсеткіші жақсы болмақ, басқаша айтқанда, біз қазақстандықтар несие алғысы келе ме, оларға несиені жедел алу ұнай ма, міне, осыны байқаймыз. Біз басқа банктер ұсына алмайтын өнімдерді ұсынатын боламыз деп үміттенемін.

  Біз үшін бұл жыл қызықты болды, ал банк секторы үшін зерделеу жылы болды. Корпорациялар, банктер мен клиенттер өте бай тәжірибе жинақтады, өйткені біз тұңғыш рет барлығымыз бірге осындай күрделі ортадан өтудеміз. Жалпы алғанда, еліміз үшін бұл жағдай өте пайдалы. Орта мерзімді болашақта біздің банк секторының дағдарыстағы кезеңнен өту фактісі, әлбетте, басқа елдердің банк секторымен салыстырғанда, бәсекелестік басымдық үшін база болады. Мұндай жағдайларда үйрену – ең пайдалысы. Өсім қарқыны туралы айтар болсақ, «үздік болу» мен үшін «тез өсу» дегенді білдірмейді. «Үздік болу» неғұрлым тиімді болу және өз клиенттеріне сапалы қызмет ұсыну дегенді білдіреді. 12 ай бойы біз клиенттеріміздің бізбен жұмысын жалғастыруына лайық екенімізді дәлелдеуге тырыстық.

 2. Сіз жаңа несиелер ұсынатындарыңыз жайында айттыңыз. Қандай несиелер жөнінде сөз болмақ? Олар қандай шарттармен берілетін болады?

– Жай адам іс жүзінде бір күнде алуға болатын несиелер туралы сөз болып отыр. Сомасы – бір жарым милллион теңгеге дейін, санаулы құжаттар сұралады. Бір күн ішінде қалтасында ақшасы бар адамдар өз арманын іске асыра алады . Пайыздық мөлшерлемесі клиенттің төлем қабілеттілігінің деңгейіне байланысты. Біздің міндетіміз – барлық тілек білдірушілерге бір пайыздық мөлшерлеме ғана ұсыну емес, бір жағынан, адамның төлем қабілеттілігін бағалайды, екінші жағынан, бізге клиентке қарай мөлшерлемені көтеріп-түсіруге мүмкіндік беретін «пайыздық коридор» жасау. Несие құны клиенттің қайда жұмыс істейтініне, оның кірісінің деңгейінің қандай екеніне байланысты болады. Мынаны шегелеп айта аламын: кез келген жағдайда олар дәл осындай сомадағы жедел несиелердің пайызынан төмен болады. Сонымен бірге, біз сату орындарында қазақстандықтарға қымбат тауар сатып алу үшін, білім алуға ақша алу үшін және т.б. бұрынғысынша қомақты сома беретін боламыз.

3. Сіздер кімдерге бағытталасыздар? Несиені аларын алып алып, қайтармауға болатынын білетін несие бойынша борышы басынан асатын адамдар қазір көп емес пе, әсіресе сөз кепілсіз несиелеу туралы болғанда?

– Біз бизнесімізді клиенттеріміздің тәуекелін бақылауға болатындай етіп, сонымен бірге бізге – тез ұсынуға, ал адамдарға - тез алуға болатындай өнімді ұсынуға құрамыз. Кепілмен қамсыздандырылған несиелеу - іс жүзінде банктің өткен күндерінің сарқыншағы. Кепілдер біз үшін маңызды емес. Бізді бір ғана мәселе толғандырады: адам өз несиесін қаншалықты төлей алады, яғни оның төлем қабілеттілігіне қараймыз. Қамсыздандырусыз несиелер бүкіл әлемде өте кең таралған, олар Қазақстанда да кеңінен қолданылатын болады. Клиенттеріміздің жаңа өнімдерді бір жақты бағалайтынына сенімдімін.

4. ШОБ-ты несиелеу бойынша не болып жатыр, көптеген банктер бұл сегментте өз қызметін бәсеңдетіп отыр. Сіздер қандай әрекет істеп жатырсыздар?

– ШОБ – дамитын сегмент екені белгілі. Каспий Банкі ешқашанда не халықты, не кәсіпкерлерді несиелеуді тоқтатқан емес. Қаржы қоры бойынша бізде бәрі де жақсы болды: бір жыл ішінде халықтың салымдарынан басқа біз Еуразия қайта құру және даму банкінен, Халықаралық қаржы корпорациясынан 200 млн доллардан астам қаржы тарттық. Бірер аптадан соң біз тағы да ірі соманы - 150 млн доллар тартқанымызды жария етеміз. Бұл ақшаның мақсатты екені маңызды. Серіктестеріміз оны шағын және орта бизнесті несиелеу үшін бөліп отыр. Сондай-ақ біз шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры бағдарламасының қатысушымыз. Біз міндетті түрде осы саладағы өз қатысымызды ары қарай күшейтетін боламыз.

«Банк құрылымы біздің барлық инвесторларымыз бен клиенттеріміз үшін неғұрлым түсінікті әрі мөлдір болуы тиіс»

5. Михаил, стресс-активтер қоры туралы не айта аласыз? Бұл туралы қазіргі таңда Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр ғой.

– Осындай қорлардың болуы – кең таралған халықаралық тәжірибе. Әдетте, көптеген елдер не дағдарыс кезеңінен өтті, не жергілікті қиындықтарды бастан кешірді. Қорлар стресс-активтер үшін құрылды, былайша айтқанда, мерзімі өткен несиелер үшін. Бұл, бір жағынан, осы активтерді сатуға, екінші жағынан, қиындықты несиелермен нақты жұмыс жүргізуге арналған құрылымды құруға көмектеседі. Жалпы алғанда, банк бизнесі дегеніміз – мерзімі өткен несиені жинау емес. Міне, сондықтан да Каспий Банкі осындай несиелермен жұмыс жүргізетін ешқандай да еншілес компаниялар ашпайды. Банкте төлемдерді жинаумен айналысатын арнайы бөлімше бар. Алайда біз көптеген еншілес компаниялардан тұратын ірі топты құруға ешқандай да ынтық емеспіз. Біздің банктің құрылымы барлық инвесторларымыз бен клиенттеріміз үшін неғұрлым түсінікті әрі мөлдір болуы тиіс. Банк жанында жалғыз ғана еншілес компания бар, ол өзінің салалық бизнесімен айналысып жатқан сақтандыру компаниясы.


6. Сіздің ойыңызша, егер қазақстандық банктер дағдарыстың ең шиеленіскен тұсын табысты өтсе, онда ірі мемлекеттік коллекторлық компания құрудың не қажеті бар?

– Халықаралық нарықта қиын жағдай әлі де жалғасуда. Соның салдары болар, басында қазақстандық банктер ары қарай даму үшін қаражаттың жетіспегенін сезді, ірі мөлшердегі қорсыз оны қолдау қиынға соқпай ма? Өсу қарқыны бәсеңдегеннен кейін, математикалық тұрғыдан несие портфелі жоспарлы түрде төмендей бастады. Бұл нені білдіреді? Бұл кейбір банктердің қаржылық көрсеткіштері төмендегенін білдіреді. Бөтен қорларға немесе коллекторлық ұйымдарға қиындықты несиені сатқан кезде, банкирлер өз бизнесіне көңіл бөле алады, ал қиындықты активтермен арнайы компаниялар айналысуы тиіс. Стресс-активтер қорын құру банктерге өзінің негізгі бизнесіне көңіл бөлуге мүмкіндік береді.


«Біз лотерея ойнамаймыз»

7. Сіздің ойыңызша, валюта нарығында не болып жатыр? Доллардың жағдайы не болмақ?

– Білесіз бе, бұл сұрақтарға қазір көбісі жауап іздеуде, алайда жауабын ешкім де айта алмайды. Бұл өте күрделі сұрақтар, өйткені болып жатқан серпіліс айқын емес. Мысалы, қазір мұнайдың бағасы өсудің орнына күрт түсуде. Америкадағы табиғи апаттар мұнайдың бағасының өсуіне әкелетін. Доллар мен еуроға қатысты. Америка экономикасы үшін қазір қиын жағдай туды, доллардың өсуі маған да түсініксіз. Менің ойымша, айтуға тұрарлық бір ғана факті – кең ауқымды өзгерістер мен барлық валютаға қатысты доллар бағамының деңгей айырмасы болады. Каспий Банкі өз тарапынан өзін барлық жағынан қауіп-қатерден сақтауды шешті. Біз Банктің барлық валюталық орындарды жаптық, өйткені бағамның өзгерісін алып-сатқымыз жоқ. Валюта деңгейінің мұндай айырмасында біз не ақша тапқымыз, не ақшаны жоғалтқымыз келмейді. Ал нарықта бұдан ақша табатыны 50%, жоғалтатыны да 50% болады. Жағдайды түсінбесек әрі оны бағалай алмасақ, лотерея ойнап не керек?







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер