Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«БАНК «КАСПИЙСКИЙ» АҚ-
қызметтегі әлеуметтік жауапкершілік

2007 жылғы 4 сәуірде Астанада Иманов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында, астананың қақ ортасында «Мәскеу» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа Астана қ. әкімі Асқар Мәмин мен «Банк «Каспийский» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким қатысты. Бұл саотанат – бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші.

Жалпы ауданы 80 мың шаршы метр, биіктігі 23 қабат «Мәскеу» ТК құрылысы 2003 жылдың күзінде табысты басталып, екі жылдан соң бірқатар себептердің әсерінен: құрылыс материалдары мен қызмет ақысының қымбаттауына, осы бизнестегі салушы-компанияның жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіздігіне, шетелдік серіктестердің әділетсіздіктеріне және т.б. байланысты тоқтатылды.

Тоқырау кезеңінен шығу үшін салушыларға түрлі шаралар қолданылды, бірақ көп жағдайды басынан кешірген тұрғын үй кешенінің мәселесі «Банк «Каспийский» АҚ Директорлар кеңесі жобаны жүзеге асыру қаншалықты қиын екендігіне қарамастан,  қосымша қаржы бөлу және қала билігінің қолдауымен осы жағдайдан алып шыққан «Мәскеу» ТК құрылысын аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін ғана түзелді.
Жобаға қатысушылар мен «Каспийский» Банкінің бірлесіп әрекет етуінің арқасында «ABC Investment Holding» инвестор-компаниясы тартылып, кәсіби әрекет арқылы осы нысанды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік туды. Үш жүзден астам отбасы пәтер кілтін алып, толығымен жаңа қонысқа көшуге мүмкіндік алды. Осы жағдайды түсіндіре келе «Банк «Каспийский» АҚ  Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Ким: «Өткен жылы Каспийский» Банкінің ірі акционері «Бэринг Восток Капитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры болды. «Мәскеу» ТК бойынша мәселені бірлесе талқылай келе және басты құндылықтардың бірі және Банктің маңызды принципі – қоғам, біз өміріп сүріп жатқан ел алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктерге сүйене отырып, Директорлар кеңесі құрылыс ісін жалғастыру туралы шешім қабылдады. Каспийскийдің шетелдік серіктестері бизнестің адамдар мен олар жұмыс жасап отырған мемлекет алдындағы бар жауапкершілікті түсенетіндіктерін сезіну біз үшін өте қуанышты.

Бүгінгі жағдай – салған ақшаларының келешегі мен өздерінің болашақ баспаналары үшін уайымдаған үлескерлер үшін ғана емес, үлестік құрылысқа қатысушылармен және салушылармен бірге барлық жағдайды бірге көрген Банк үшін ғана емес, менің жеке басым үшін де өте қуанышты оқиға болды.

Бізге сенген, осы нысанның салынуы аяқталатындығына сенген баршаңызға және, бірінші кезекте, Астана қ. әкіміне үлкен алғыс!».

Анықтама:

«Банк «Каспийский» АҚ
200 млрд теңгеден асатын (1,6 млрд АҚШ доллары) активтерімен және 34 млрд теңгеден астам (274 млн АҚШ доллары) шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті жүйесі 147 бөлімшеден және 2000-нан астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 548 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен Қазақстан халқына берілетін несиелер Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құрайды. www.bc.kz

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс тікелей инвестициялау қоры 1,8 млрд доллар шамасындағы жалпы капитал басқаруымен ТМД-дағы төрт тікелей инвестициялық қорды басқаратын ең табысты компаниялардың бірі болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 47 компанияда 600 млн астам долларды инвестициялады. "Бэринг Восток"-тың басқаруындағы инвесторлық қорлардың қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы Нидерландтық Даму агенттігі және тағы басқалар сияқты атақты халықаралық қаржы институтттары бар. www.bvcp.ru

«Банк «Каспийский» АҚ баспасөз қызметі:
Вакирова Елена, тел: +7 (327) 250 18 00 (х1280);
e-mail: vakirovae@bc.kz







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер