Сұраған соң орындадық!
Ақтөбе қаласында бесінші – мерейтойлық бөлімше ашылды. Ол орналасқан жер – халық тығыз қоныстанған, ірі дүкендердің саны көп аудан. Бөлімшенің өзі қаланың ең басты көшелерінің бірінде орналасқан. Көптеген клиенттер осы ауданда kaspi bank-інің бөлімшесін ашуға сұраныс білдірді. Клиенттердің өтініші орындалды. Жаңа бөлімше 10:00-ден бастап 19:00-ге дейін үзіліссіз аптасына 7 күн бойы жұмыс істейді. Клиенттерге тұтынушылық несиелеу, депозиттер, кассалық қызмет көрсету, валюта айырбастау, Қазақстан бойынша ақша аударымдары ұсынылады.
Бөлімшенің мекенжайы:
Ақтөбе қ., Есет батыр к-сі, 154.