Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

2022 жылғы 24 маусымда өткен «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2022 жылғы 24 маусымда  өткен акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды.

17 347 729 дауыс беретін акцияны (Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 94,6%) иеленетін акционердің өкілі қатысты.

Күн тәртібі мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:          
1. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
    1) «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;  
    2) «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
    3) «Kaspi Bank» АҚ қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ереже» атты ішкі нормативтік құжаттың өзгерістерімен және толықтыруларымен күші жойылды деп тану туралы;  
    4) «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд төлеу және қоғамның бір акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
    5)  Есеп комиссиясының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сандық құрамын айқындау және оның жаңа мүшелерін сайлау туралы.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

2. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Банктің Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға өкілеттік берілсін.
                                                      
«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

3. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің  2017 жылғы 29 қыркүйектегі  жалпы жиналысында бекітілген (№36 хаттама) «Kaspi Bank» АҚ қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ереже» атты ішкі нормативтік құжаттың, «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің 2018 жылғы 09 шілдедегі жалпы жиналысында бекітілген (№39 хаттама) оның өзгерістері мен толықтыруларының күші жойылды деп танылсын.     

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

4. Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 2900 теңге мөлшерінде дивиденд төленсін;
Төлеу кезеңі – 2021 жыл;
Төлеу басталатын күн: «24» маусым 2022 ж.
Банктің акциялары бойынша дивиденд төлеу акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның акциялары бойынша дивиденд төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылады.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

5. 2021 жылғы 20 желтоқсанда акционерлердің Жалпы жиналысында сайланған Есеп комиссиясының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 4 адамнан тұратын Есеп комиссиясы сайлансын, өкілеттік мерзімі белгіленбесін.
Дербес:
Есеп комиссиясының Төрайымы:
Жанильсинова С.С.;
Есеп комиссиясының мүшелері:
Монанникова-Дзюбак Е.В.;
Еспаева Д.;
Бақдәулетова Л.Б.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс.






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер