«Kaspi Bank» АҚ акционерлеріне арналған Банктің жай және артықшылықты акциялары
бойынша дивиденд төлеу туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, БеК – 14, БСН 971240001315, Телефон: (727) 355-14-27, факс: (7272) 50-95-96, E-mail: office@bc.kz, 2021 жылғы 24 маусымдағы акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі негізінде жай және артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 2510 теңге мөлшерінде дивиденд төленетінін хабарлайды. Дивиденд төлеуді бастайтын күн – 2021 жылғы 24 маусым. Кезең – 2020 жыл. Банктің акциялары бойынша дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.