Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Балалардың өмірін сақтап қалуға жұмсалатын тоғыз миллион теңге

«АЯЛА» қайырымдылық қоры мен kaspi bank Оңтүстік Қазақстан облысының №3 перинаталды орталығының балалар реанимациясы бөліміне балалардың өмірін сақтап қалуға арналған жабдықты табыс етті.

27 қаңтарда «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Дыши, малыш» атты жобасы бойынша жаңа маңызды шара өткізілді, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы №3 перинаталды орталығына мерзімінен бұрын туылған нәрестелерді күтуге арналған медициналық жабдық берілді. Түркістан қаласы үшін ауадай қажет болған жабдықтың жалпы құны 9 миллион теңгені құрады.

«Kaspi Bank» АҚ қалыптасқан дәстүр бойынша бас серіктес әрі меценат болды. Қор мен Қазақстанның қаржы нарығындағы көшбасшының арасындағы серіктестік дәрігерлердің балалар реанимациясы бөліміне түскен балаларға барынша тиімді көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

«Дыши, малыш» атты жобаның бес жылдық жұмысы барысында шала туған сәбилерге өмірлік қажетті жабдықтар Қазақстан Республикасының перзентханалары мен перинаталды орталықтарының балалар реанимацияларының барлығына дерлік орнатылды.

Жоба Министрлікпен және облыстық Денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп және меценаттардың қолдауымен жүзеге асырылады, солардың бірі kaspi bank-тің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким болып табылады. Былтыр ғана kaspi bank қорға 38 миллион теңге аударған болатын, барлығы бес жылда қорға қайырымдылық ретінде берілген сома шамамен 100 миллион теңгені құрайды. «Дыши, малыш» атты жобасы бес жылда медицина саласындағы қызметкерлерге перинаталды орталықтардың бөлімдеріндегі нәрестелердің шетінеуі көрсеткішін шамамен 5 есе азайтуға көмектесті.

Бұл фактіні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та атап өткен болатын.

Вячеслав КИМ, “Kaspi bank” АҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы: «Біз «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобаларына қалыптасқан дәстүр бойынша қолдау көрсетіп отырамыз, әсіресе «Дыши, малыш!» атты жобасын маңыздылығы жоғары жобалардың бірі деп санаймыз. Біздің компания үшін мыңдаған қазақстандық отбасыларының біздің жобаның арқасында ана болу және әке атану қуанышына ие болуы, ата-әжелердің көптен күткен немерелерін бауырына басуы маңызды болып табылады. Шала туған балалардың көп шетінеуінің негізгі проблемасы неде? Олар өздігінен тамақтана алмайды, демала алмайды. Біз сатып алған жабдықтың арқасында сәбилеріміз өздігінен тыныс алып, тамақтана алатындай дәрежеге жетеді».

Алма ІЛИЯСОВА, Түркістан қаласындағы облыстық №3 перинаталды орталықтың бас дәрігері: «Мен «Дыши, малыш» атты жобасын бұрыннан білемін. Әріптестерім, перинаталды орталықтардың директорлары және балалар реанимациясы бөлімдерінің меңгерушілері «АЯЛА» қорынан алған жабдықтың нәрестелердің өмірін сақтап қалуға, мерзімінен бұрын туылған балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуге көмектесетінін айтады. «АЯЛА» қоры ұсынып отырған көмектің Түркістан қаласына да келіп жеткені қуантады».

Жангелді СӘРСЕНОВ, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті: «Оңтүстік Қазақстанда бала туу саны жоғары. Төрт перинаталды орталықтың бірінде-ақ жыл сайын Солтүстік Қазақстандағы перинаталды орталықтарда қанша сәби туылса, соншалықты сәби дүние есігін ашады. Біздің қормен бірге «Дыши, малыш» атты жобасын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы аймаққа ерекше назар аударуымызды ұсынды. Осы жылы ОҚО екі перинаталды орталығына заманауи жабдық табыс етілді. Бұл бастаманы Шымкенттің және облыстың тұрғындары мен осы аймақтың тумалары қолдайды деп үміттенеміз».







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер