Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Fitch Ratings рейтинг агенттігі kaspi bank-інің ұзақ мерзімді ЭДР B деңгейінде тұрғанын растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі kaspi bank-інің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР (Long-term Issuer Default Rating IDR) В деңгейінде тұрғанын растады.

Рейтингтерді растау басқа банктермен салыстырғанда құрылыс секторы мен банктің несие портфеліндегі валюталық қарыздардың біршама төмен үлесіне негізделген. Сондай-ақ kaspi bank-інің рейтингін капиталдандырудың жоғары деңгейі, сыртқы қарыздың төмен деңгейі және депозиттің едәуір өсімі ұстап тұр. Әлемдік нарықтағы қиын ахуалға қарамастан, банк табысты дамуда, «барлық осы көрсеткіштер агенттікке kaspi bank-інің рейтингін растауға көмектесті», – деп жазылған Fitchratings халықаралық рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде.

– Fitch Ratings рейтинг агенттігі kaspi bank-інің негізгі рейтингін растағанына біз өте қуаныштымыз, – дейді банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Бұл біз үшін, сол сияқты Қазақстанның қаржы нарығы үшін, банк қызметін тұтынушылар үшін өте жағымды жаңалық. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, барлығымыз бірге біз әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңе аламыз әрі біздің жарқын болашағымызды құруды ары қарай жалғастыратын боламыз.

Банктің атауы

 Шетел валютасындағы
ұзақ мерзімді ЭДР

Шетел валютасындағы
қысқа мерзімді ЭДР

Жеке

 1  "АТФБанк" АҚ

BBB

F3

D/E

 2  "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ

B+

B

D/E

 3  "ЦентрКредитБанкі" АҚ  

B+

B

D/E

 4  "Kaspi Bank" АҚ 

B+

B

D/E

 5  "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ 

B- 

B

E

 6  "Евразиялық Банк" АҚ

B-

B

D/E

 7  ДО АО "БТА Банк - АО "ТЕМIРБАНК"

C+

C/RW

жағымсыз E

 8  "БТА Банк - "ТЕМIРБАНК" АҚ» АҚ ЕҰ

RD

RD

F

 9  "Альянс Банк" АҚ

RD

RD

F

 10

 "Нұрбанк" АҚ

-

-

Дереккөз: Fitch рейтинг агенттігінің ресми сайты – www.fitchratings.ru
 
Сонымен қатар Fitch Ratings Банктің жеке рейтингін (Individual Rating) оны басқа да жетекші банктердің рейтингімен және Қазақстан Халық Банкі мен ЦентрКредитБанкіне қатысты сәйкестендіре отырып, D-дан D/E-ге өзгертті, деп атап өтілген рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде.

– Біздің банктің рейтингі еліміздің банк жүйесіндегі ең жоғарылардың бірі, – деп толықтырды Михаил Ломтадзе. – Тәуекелдерді бағалаған кезде рейтинг агенттіктері менеджменттің сапасына, капиталдың бірдейлігіне, несие портфелінің сапасына және тәуекелдердің бағасына басты назар аударды. Шоғырландырылған халықаралық аудит жүргізілген қаржы есептілігіне сай, kaspi bank-інің капиталының бірдейлігі жылдың соңында 25% астамды құрады, ал бұл қажеттісінен де едәуір көп. Сонымен қатар тәуекел-менеджмент жүйесін, әсіресе бөлшек бизнеске қатысты, әрдайым жақсарту әрі жетілдіру – банктің негізгі басымдықтарының бірі. Барлық осы факторлар kaspi bank-інің рейтингін растаған кезде халықаралық агенттіктің талдаушыларының назарына алынды.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
12 маусым 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер