Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Алматы, Қазақстан: 28-қараша 2007-жыл.
 
Құмарлық индустриясы таратылған, ал ойынханаларының барлығы көшірілген Алматыда  сәттілікті тек зияткерлік алаңдарда ғана кездестіруге болады. 27-қарашада БАҚ пен PR-шы кездескен  «13-асық» жаңа ойыны PR-маусымын ашты. Ойын идеясының авторы – «Каспийский» Банкі. Қонақтар пунштан ауыз тиді. 

Бірнеше ай бұрын БАҚ өкілдері мен PR арасындағы қарым-қатынастың бірегей, үлгі боларлық жаңа түрін қалыптастыру үшін «13-асық» клубын ашу идеясы туған болатын. Ол үшін көкейкесті антураж: ақша тігілетін, жеңімпаздар мен құмарлыққа толы зияткерлік ойынхана таңдап алынды. «13-асық» – зияткерлік teambuilding, «Не? Қайда? Қашан?», ойынхана мен асық ұлттық ойынынан тұратын коктейль. Әкімшілік болашағы зор жоспарлар құрып, теленұсқаны шығару туралы ұсыныстарды қабылдауда.

«PR-шы» клубы 27 қараша күнгі сайысқа Мәди Мәмбетовті (Time-out), Татьяна Бендзьді («Центр Тяжести»), Олег Червинскийді («Новое поколение»), Игорь Переверзевті («Бизнес и Власть»), Ерлан Бекқожинді («Литер»), Айдос Тұрысбекті («Қазақстан» телеарнасы) шақырды. Бірінші ойынға PR-шы клубынан Лариса Пак – («Каспийский» Банкі), Майраш Тәйкенова («Зере» корпорациясы), Жанна Мәмбетова («ЦентрКредит» Банкі), Лариса Коковинец (Қазкоммерцбанк), Қуат Домбай (GSM-Қазақстан), Сәкен Балбаевтар («Қазақстан» баспасөз клубы) қатысты.

Ойын барысында Айдос Тұрысбектің ортаазиялық жауынгерлер неліктен жорыққа қына алып шыққандығы жөнінде қойылған сұрағы ең айлалы сұрақ болып танылды. Жанна Мәмбетова өзінің поэтикалық сұрағымен – Қазақстанның коллекциялық монеталары туралы өзінің арнайы шығармасымен жұртты таңқалдырды. Банк атынан ойынға қатысушылардың алғашқы капиталын қаржыландырған «Каспийский» Банкінің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе мырзаның қойған ЗЕРО сұрақтарына екі команда да лайықты жауап берді. Ұтыстар «Каспийский» банкінің ойыншыларға арнап шығарған атаулы карточкаларына аударылды.

PR-шы командасының ойыншылары көрермендердің көмегімен қарсыластарын екі рет жеңді. Алайда, таңдалған стратегияның арқасында ең көп фишка жинағандар ойынның жеңімпазы атанды.  Мысалы, Қуат Домбай негізінен ақшасын журналистерге, ал Игорь Переверзев PR-менеджерлерге тігіп, екеуі де алты жеңімпаздың қатарына ілікті. «Ойын әр-түрлі жемістерді араластырып, мас қылатын пунш сияқты», – дейді PR-шы клубының президенті Лариса Пак.

Сонымен, жаңа ойыншыларға қарсы шығу құқығын жеңіп алған «13-асықтың» келесі командасының құрамы мынандай:

 Ерлан Бекқожин 6500
 Қуат Домбай 4000
 Игорь Переверзев 2500
 Айдос Тұрысбек 2250
 Майраш Тәйкенова 2200
 Мәди Мәмбетов 2150

Ойынға 60-тан астам журналист пен 40-тан астам PR-мамандар қатысты. «Деловой Қазақстан» газетінің бас редакторы Серік Қоржымбаев ең белсенді жанкүйер атанды. «Центр тяжести» интернет-форумының бас редакторы Татьяна Бендзь (айына 4 млн бірегей хост) ойынды өткізу идеясына қызыққаны  соншалық, интернет оқырмандарын тартуға қол ұшын беретінін айтты, ал Beeline PR-менеджері Әсел Жәлешева ойын – корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу үшін зор мүмкіндік екенін атап өтті.

Келесі ойын Жаңа жылдан кейін өтеді. Анонстарды байқап жүріңіздер. Жеңімпаздар сайысқа кімдерді  шақырар екен?

Анықтамалық ақпарат
PR-шы клубы:
«PR-шы» бұқарамен байланыс жөніндегі кәсіпқойлар клубы – 2002 жылы біріккен коммерциялық емес ынталы топ.  Бүгінде Клубтың 29 белсенді мүшесі бар. Негізгі миссиясы – PR мамандығының кәсіби стандарттары мен мәртебесін көтеру. PR-шы клубының мүшелері жыл сайын студенттерге, жас мамандар мен әріптестеріне мастер-класстар, PR-маусымдар ұйымдастырады, 15-мамырда Қазақстанда PR күндері тойланады, PR-форумп, студенттердің жұмыстарына байқау өткізіледі. www.prclub.kz

Толық ақпарат алу үшін мына  маманға хабарласуды өтінеміз:
Лариса Пак,  PR-шы клубының президенті
Ұялы: +7 701 222 9339
Эл.пошта: Larissa.Pak@gmail.com

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 216 млрд теңгеден асатын активтерімен және 37 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді.  Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несие сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. 2007 жылдың  тоғыз айының негізгі нәтижелері бойынша Каспийский – Қазақстандағы ең табысты банк. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялардың жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы www.bc.kz.

Қосымша  мәлімет алу үшін мына  маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл.пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер