Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Девальвация. Бұл тұрғындар мен банк клиенттері үшін қалай әсер етеді?

11 ақпан күні ҚР Ұлттық банкі доллардың айырбастау курсы бойынша 1 АҚШ долларына шаққанда 185 теңге көлеміндегі жаңа бағамын белгілеп, девальвация жасады.

Қазіргі кезде теңгенің долларға шаққандағы нарықтың бағасы 185-188 теңге, теңге евроға шаққанда 248-256 теңгені құрап отыр.

Бұл салымшылар үшін қандай әсері бар?

Егер сіз депозит ашып, толтырып немесе басқа валютаға ауыстырғыңыз келсе, әдеттегідей айырбастау курсының қазіргі бағамы бойынша жүзеге асыра аласыз.

Ұлттық банк айырбастау курсы бойынша 185-188 теңге көлемінде болуы керектігі туралы ұсыныс берді және банк осы бағамды ұстанады.

Бүгін доллар курсы 184,5-186,5 теңге, Еуро 248-256 теңге көлемінде.

Біз барлық салымшыларымызға өз салымдарын түрлі валютада бөлуге кеңес береміз. Бұл валюталық толқулар кезінде сіздің салымыңыздың өзгермеуіне кепілдік береді. Егер салымыңызды алып немесе толтырып, басқа ъдепозитке ауыстырғыңыз келсе, kaspi bank бұл операцияларды әдеттегі режимде орындайды.

Еске сала кетейік, сіздердің салымдарыңыз валюта түріне қарамастан, мемлекетпен- Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қоры арқылы кепілдендіріледі.

kaspi bank’те тұтынушылақ несиесі бар клиенттер үшін қандай әсері бар?

kaspi клиенттеріне теңге бойынша несие береді. Бұл арқылы клиенттерімізді валюталық тәуекелдерден сақтандырамыз. Девальвацияның нәтижесі бойынша теңгелік несиелерде ай сайынғы төлем ұлғайтылмайды. Егер сіз ай сайын 15 мың теңге төлеп келсеңіз, осы соманы ары қарай да өзгеріссіз төлей бересіз.

Kaspi bank бұрынғы қалыпта несие беруін жалғастырады және банк бөлімшелерінде несие бойынша өтініштер қабылдануда.

Қазіргі кезде банктің несиелік бағдарламалары бойынша серіктестері  тауарлық желі және автодилерлер өз тауарларын қайта бағамдауды жүргізуде. Бұл күні бойы жалғасуы мүмкін, сондықтан несиеге тауар рәсімдеуді жаңа бағалар қойылғанға дейін тоқтатып отыр.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер