Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank Қазақстанда алғашқы рет «Еурожөндеу» on-line reality show-ын шығармақшы

Қазақстандағы жекелеп қызмет көрсететін ірі банк «Kaspi Bank» АҚ белгілі «Центр Тяжести» форумымен бірлесіп елімізде тұңғыш рет «Еурожөндеу» атты on-line reality show-ын іске қоспақшы.

2011 жылғы 18 шілдеден 29 шілдеге дейін Алматы қаласының әрбір тұрғыны конкурсқа қатысуға өтінім бере алады және өзінің пәтерінде немесе үйінде 3 млн теңгеге ($20 мың) тегін еурожөндеу жасатып, on-line show-дың басты кейіпкері бола алады.

1 тамызға дейін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтар үшін пәтерінің есігі тұтасымен айқара ашылатын үміткерді таңдайды. 6 апта ішінде бас кейіпкер кеңесші дизайнермен, құрылыс бригадасымен бірге және интернетті пайдаланушылармен бірлесіп өз пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасайды. Соңғыларында жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап қана қоймай, сондай-ақ белсенді түрде өзінің жеке тәжірибесінен кеңес беруге мүмкіндік алады.

Өз пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасау үшін 3 миллион теңге алатын мұндай бақытты жан жөндеу жұмыстары жайлы күнделік жазатын болады, бұл үрдістің барлық қиыншылықтары мен қуанышты сәттерін толық баяндайды, сондай-ақ ЦТ-лықтармен кеңесіп отырады!

– kaspi bank әрдайым өз брендіне инвестиция салып, сатылым желілерін кеңейтіп отырады, – дейді банктің басқарушы директоры Лариса Пак. – Біз жекелеп қызмет көрсететін компаниямыз, ілгері қарай жылжуымыз өнімдеріміз бен қызметіміз жайлы ақпаратты тұтынушыларға жеткізуге септігін тигізеді. Интернеттегі реалити-шоуды шығару Банктің «Еурожөндеу» жаңа несиесімен байланысты, оның талаптары бойынша қазақстандықтар не бары 1 күнде 3 млн теңгеге дейін ала алады! Бұл интернет-жоба арқылы біз жөндеу жұмыстарының еліктіріп алатын рәсім екенін көрсеткіміз келеді және ол туралы ойланып жүргендер өзіңе ыстық көрінетін шаршы метрлерді қалай жаңалауға болатынын өз көзімен көреді.

Мынадай ресурстарда бақылауға әрі жобаға қатысуға болады:
http://ct.kz/topic/416330-faq-realiti-shou-evroremont
http://vkontakte.ru/club28689281
http://www.facebook.com/groups/euroremont

«Еурожөндеуге» өтінім қабылдау конкурсы 18 шілдеде басталып, 29 шілдеде аяқталады.

Конкурстың шарттары:
1) Қатысушы «Центр Тяжести» форумында тіркелуі тиіс.
2) Жалға алған емес, өзіңіздің жеке меншік пәтеріңіз болуы тиіс.
3) Сіз оның ішіне ЕУРОЖӨНДЕУ жасағыңыз келеді.
3) 18 шілдеден 29 шілдеге дейін осы тақырыпта өтініміңізді орналастырасыз.

Өтінімнің нысаны:
Пәтердің екі фотосуреті + үйдің қасбетінің 1 фотосуреті.
Сондай-ақ өтінімде үйдің орналасқан жері, салынған жылы, метражы, қабаты, соңғы рет жөнделген күні сияқты пәтердің сипаттамасы + өз қалауыңызға қарай қосымша ақпарат болуы тиіс.
Өтінімге еркін түрдегі әңгіме қоса берілуі тиіс: өзіңіз, отбасыңыз, өміріңіз, қызығушылығыңыз, пәтеріңіз жайлы – жалпы неге дәл сіз конкурста жеңіске жетуге лайық екеніңіз жайында әңгімелеңіз.

 
«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 362 млрд теңгеден астам активтерімен және 42 млрд теңге біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 200 филиал мен бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы телефоны: +7 (701) 223-87-85

Алматы, Қазақстан:
18 шілде 2011







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер