Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ШОБ несиелеу үшін 45 миллион доллар тартты

kaspi bank Голландияның мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту корпорациясынан (FMO) ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартты. Бұл банктің FMO-мен ынтымақтастығы шеңберінде алатын бірінші қарызы.

5 жылға арналған 45 миллион доллар кaspi bank-іне Қазақстанның шағын және орта бизнесін қаржыландыру үшін берілді.

– Тартылған қаражат пен біздің бұдан әрі ынтымақтастығымызды халықаралық капитал нарығындағы ауыр жағдайдағы жақсы көрсеткіш деп атауға болады, – деп түсіндіреді кaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – FMO – біздің банк үшін маңызды стратегиялық серіктес және осы қаражатты тарту арқылы біз Қазақстанның экономикасын несиелеу сегментіндегі өз ұстанымдарымызды күшейтеміз. Ірі Халықаралық даму институтынан 45 миллион доллар тарту - кaspi bank-інің тұрақтылығын, оның даму стратегиясының анықтығын, айқындылығы мен сенімділігін мойындау деген сөз.

FMO-ның қаржы институттарымен жұмыс жасау департаментінің басшысы Рурд Брауэр өз тарапынан былай деп мәлімдеді: «Шағын және орта бизнес – Қазақстан экономикасы өсімінің драйвері. Біз аймақтардағы көпшілік кәсіпкерлердің қаржы алуда қиындықтарды басынан кешіріп отырғанын білеміз және біз FMO-ның оларға және олардың несиелік белсенділігінің өсіміне kaspi bank арқылы қолдау жасай алатындығына қуаныштымыз.

– Біздің басты міндетіміз – Қазақстанның экономикасын дамыту, – деп түсіндіреді Ломтадзе мырза. – Белсенді несие саясатын жүргізе отырып және бизнеске, еліміздің халқына несие бере отырып біз экономиканың дамуына өз үлесімізді қосамыз. Қазақстанның шағын және орта бизнесі әлемдік экономикалық дағдарыстың жағымсыз ықпалының салдарынан мемлекеттік қолдауға ие болған басты сектор болып отыр. ШОБ-ты қаржыландыру қажеттілігі бұрынғы деңгейде қала бермек.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

FMO
The Netherlands Development Finance Company (FMO) – бұл Голланд мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту корпорациясы. Нидерланд өкіметі (51%) FMO-ны коммерциялық банктердің,голландық жұмысшылардың, дамыған және дамушы елдердің жеке секторларға инвестициялар үшін профсоюздарының қатысуымен 1970 ж. құрды. Қазіргі уақытта FMO 80 астам дамушы және экономикасы өтпелі елдерде өз қызметін жүргізіп отыр, инвестициялық портфелі €3,4 млрд құрайды, осы арқылы FMO әлемдегі ең ірі екі жақты даму банктерінің бірі болып табылады.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
25 мамыр 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер