Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank сәуір айында Қазақстандағы тұтынушылық несие берудің көшбасшысы мәртебесін растап, 23 мың несие берді

Сәуір айында kaspi bank қазақстандықтарға жалпы сомасы 2,8 миллиард теңгеден астам болатын шамамен 23 мың несие берді. Өткен жылы банк ай сайын орташа есеппен 15 мың шамасында несие берген болатын, ал биылғы жылдың ішінде kaspi bank тұтынушылық несиесінің көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

kaspi bank-інің тұтынушылық несиесінің өнімдер желісіне бүкіл ел бойынша 2000 астам дүкендерде техника сатып алуға және жақсы өмір сүруге, соның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқуға ақы төлеуге және демалуға берілетін несиелер кіреді. Несие сомасы 1,5 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сәуір айында сатылған ең танымал өнімі клиенттерге несиені тұрақты пайдалануға мүмкіндік беретін несие картасы болды. Несие картасының ең тартымды шарттарының бірі – ай сайынғы төлемнің ең төменгі мөлшері. Ол бар болғаны 9 600 теңге.

Қазіргі сәтте kaspi bank – несие сомасына байланысты ресімдеу мерзімі 15 минуттан бастап 1 күнге дейінгі уақытты қамтитын несиелерді ұсына алатын Қазақстандағы бірден-бір банк. Несиелер қазақстандықтарға шамамен 150 филиалдан тұратын ең ірі филиал желісі арқылы, сондай-ақ бүкіл ел бойынша 2 000 астам дүкендер арқылы беріледі.

- Біз бүкіл ел бойынша шамамен он мың қазақстандықтарға өз өмірлерін жақсартуға және қажетті заттарын сатып алуға мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз, - деп түсіндіреді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Клиенттеріміз – экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, демалуды, жақсы теледидар немесе жаңа тоңазытқыш сатып алуды қалайтын еліміздің қарапайым азаматтары. Мұндай клиенттер тұрақты табысының болуымен біздің банктің арқасында өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алады. Болашақта сапалы клиенттер несие сомасын арттыру арқылы біршама төменгі пайызбен қосымша несие алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің басымдығымыз – клиенттерімізбен ұзақ мерзімді қатынас орнату.

2008 жылы kaspi bank халыққа шамамен 240 мың тұтынушылық несиесін берді. Банк ай сайын қызмет көрсететін клиенттердің саны бойынша kaspi bank-інің көрсеткіші қазақстандық банктердің ішіндегі ең жоғарысы. Биылғы жылдың соңында банк өзінің клиенттік базасын айтарлықтай кеңейтіп, жеке бизнес нарығындағы өз үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777-232-51-12

Алматы, Қазақстан:
14 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер