Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ 2007 жылғы қаржы нәтижелерін хабарлайды  

«Банк «Каспийский» АҚ 2007 жылғы қаржы нәтижелерін хабарлайды

Каспий банкі таза пайдасын 44%-ға көтерді, меншікті капиталдың өсімі 50%-дан асты.

Каспий банкінің 2007 жылғы негізгі нәтижелері

Активтер – 2006 жылдың соңындағы198 миллиард теңге активтермен салыстырғанда 269 миллиард теңгені құрады (өсім 35.4%).

Меншікті капитал - 2006 жылдың соңындағы 27 миллиард теңгемен салыстырғанда 41 миллиард теңгені құрады (өсім 50.9%).

Таза пайда - 2006 жылдың соңындағы 5.8 миллиард теңгемен салыстырғанда 8.3 миллиард теңгені құрады (өсім 43.7%).

Таза пайыздық кіріс – 2006 жылдың соңындағы 11.6 миллиард теңгемен салыстырғанда 16.9 миллиард теңгені құрады (өсім 45.6%).

Операциялық кіріс – 2006 жылдың соңындағы 14.9 миллиард теңгемен салыстырғанда 21.5 миллиард теңгені құрады (өсім 44.3%).

Операциялық шығын – 2006 жылдың соңындағы 8 миллиард теңгемен салыстырғанда 10.7 миллиард теңгені құрады (өсім 32.9%).


Қазақстандағы жетекші бөлшекті банктердің бірі "Банк "Каспийский" АҚ 2007 жылғы өзінің табысты қызметінің қорытындысын хабарлады. Каспий банкі өз пайдасын 43%-ға, активтерін 35%-ға, ал меншікті капиталын 51%-ға арттырды.

«Банктің 2006 жылдың соңында қабылдаған консервативті және сапалы өсім стратегиясы 2007 жылы бізге халықаралық нарықтағы болып жатқан үдерістерге қарамастан, табысты қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді, - деп мәлімдеді Каспий банкінің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. - Жоспарлағанымыздай, біздің активтеріміз 35.4%-ға, ал несие портфелі өткен жылмен салыстырғанда 53.3%-ға көтерілді. Нарық тарапынан банк қызметіне өскен сұранысты Каспий банкі жақсартылған өнімдік желімен қолдады. Нәтижесінде біз 17 миллиард теңгеге қол жеткізіп, таза пайыздық кірісті 45.6%-ға арттырдық. Бұл біз үшін негізгі көрсеткіш болып табылады, өйткені Каспий банкінің акционерлері Бэринг Восток тікелей инвестициялау қоры мен қазақстандық бизнесмен Вячеслав Ким активтердің мөлшеріне ғана емес, бизнестің тиімділігіне де мән береді».

Жыл қорытындысы бойынша пайыздық кіріс операциялық шығындарға қарағанда жылдам - 45.6% және 32.9% сәйкес өскен уақытта Каспий банкі сондай-ақ өзінің маңызды көрсеткіштік бет алысын сақтап қалды. Бұл цифрлар банктің тиімді өсіп келе жатқанын, әр кіріске мүмкіндігінше аз шығын жұмсау арқылы қол жеткізетінін көрсетеді.

«Бұл жылы бүкіл банк секторының өсу қарқыны 15%-ға төмендейді және біздің 2009 жылға дейінгі өсу стратегиясының аясында жоспарлаған жылдық 35%-дық өсуіміз 2006 жылдың соңында қаржы ресурстарымен қамтылғандықтан, биылғы жылы Каспий банкі қазақстандық банктердің ішіндегі ең қарқынды дамушы банктердің бірі болады, - дейді Ломтадзе мырза. – Бізге бөлшекті бизнесте өз үлесімізді арттыру қажет, бірақ біздің өсу сапамыз бен тиімділігіміз стратегиялық басымдылық болып табылады».

Каспий банкінің 2008 жылғы даму стратегиясы өзгермейді. Топ-менеджмент өсу және қызмет көрсету сапасын жақсартуда бақылауға алынатын тиімділікті арттыруға күш салуды жоспарлауда. Мұның барлығы Каспий банкінің несиелеуде және халық пен шағын және орта бизнеске қызмет көрсету саласында алдыңғы қатарлы етуге бағытталған.

«Өткен 2007 жыл сондай-ақ меншікті капитал өсімімен ерекшеленеді. Каспий банкінің меншікті капиталы 50.9%-ға көтеріліп, 41 миллиард теңгені құрады. Акционерлер банкті дамыту үшін дивиденттерді үлестірмей пайданы инвестициялауға шешім қабылдады», – деп қосты өз тарапынан Каспий банкі Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. - Капиталдың жеткіліктілік деңгейі 23% құрайды, бұл біздің банкті тек Қазақстанда ғана емес, ТМД-да да ең жақсы капиталдандырылған банктердің бірі етеді».

Банкирлердің тиімділік пен капиталдандыру көрсеткіштеріне тең бағытталатын жетістіктері ретінде тұрғындар тарапынан сенімнің артуын айтуға болады. Қазақстандықтардың банкке деген сенімінің негізгі көрсеткіші – Каспийде өткен жылдың соңынан бастап көрініс бере бастаған жеке тұлғалар салымының тұрақты өсімі. Егер 2007 жылдың соңында жеке тұлғалардың салымы 31.5 млрд. теңгені құраса, биылғы жылдан бастап қазақстандықтар банкке шамамен 4 млрд. теңгесін сеніп тапсырды. Бұл кезде депозиттік базаның ұлғаю үрдісінің енді ғана өсе бастағандығын атап өтті Ломтадзе мырза.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар сынды танымал халықаралық қаржы институттары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына мамандарға хабарласу керек:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі.1376)
Эл.пошта:  zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізуі басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
2008 жылғы 16 сәуір







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер