Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Кимнің жартыжылдық қорытынды бойынша журналистермен кездесуі

12 тамызда «Le Jarden» кафесінде журналистердің Каспий банкінің топ-менеджерлерімен кезекті кездесуі өтті. Бұған басты себеп-банктің жартыжылдық қорытынды жасауы, екіншісі-БАҚ өкілдерін мазалаған сұрақтарға жауап беру. Баспасөзді үлескерлер өз ақшаларын ала алады ма, ШОБ-ты несиелендіруге ақша бар ма, іскерлік маусым ашылар тұста қазақстандық банктерде не болып жатыр деген тақырыптар мазалады.  

Кездесу басында Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе 2008 жылдың жартыжылдығының негізгі көрсеткіштерін былтырғы жылмен салыстырды. Ломтадзе мырза қазақстандық банктердің көпшілігі үшін маңызды мәселеге айналған қаржы тарту проблемаларына жеке тоқталды. 

Михаил Ломтадзе қор жинау туралы:
«Мен ЕҚДБ-ның біздің банкке 6 ай ішінде екі несие желісін беруін теңдесі жоқ оқиға деп санаймын, олардың барлығы ШОБ-қа бағытталған және несие желілері 5 жылдан 7 жылға дейін, жақсы пайыздық мөлшерлемемен берілді. Бұдан басқа, 100 млн. долларды халықаралық қаржы корпорациясы бөлді. Жалпы, әңгіме Каспий банкінің  220 млн. доллар көлемінде тартқан қаражаты жайында болып отыр. Мен бұдан бұрын біздің биылғы жылы барлық халықаралық қаржы ұйымдардан ақша тарта алатын Қазақстандағы бірден-бір банк болатынымызды айтқанмын. Екі аптадан соң біз үшінші халықаралық ұйымнан тағы да 150 млн. доллар тартамыз. Банктің топ-менеджменті қаржылық жетістіктерінен бөлек, банктің өзін және ішкі бизнес-үдерістерді жақсарту бойынша бағдарлама өткізді. Қазіргі Қазақстанның банк секторындағылардың айналысып жатқан істерін біз біршама ерте бастадық. Нәтижесінде, біз маңызды жетістіктердің бірі ретінде Каспий банкінің қызметкерлері мен филиал желілерін қысқартумен айналыспағанын айта аламыз. 12 ай бұрын бізде 4 мыңға жуық адам жұмыс істейтін, қазір де сонша адам жұмыс істейді. Үрдіс мынадай – неселендіру көлемі күрт қысқарғандықтан, банктер бизнесті қайта қарап, өз қызметкерлерін де қысқартып жатыр. Кейбір банктер 2-3 мың адамға дейін қысқартты».

Сұрақ-жауап сессиясы

Несиелендіру бойынша сұрақтар: банк несиелендіруді жалғастырады ма, банк не ұсынады, Каспий банкінде бұған қатысты қандай өзгерістер бар?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Соңғы жарты жылда ШОБ-ты несиелендіру, жеке тұлғаларды несиелендіруге қарағанда қарқынды өсті. Бірақ 2008 жылдың екінші жартысында бұл көрсеткіш өзгереді деп ойлаймын, себебі біз нарыққа халық үшін әзірленген жаңа өнімдерді ұсынбақпыз. Жалпы алғанда, біз тұрғындар мен ШОБ-ты несиелендірудің шамамен бірдей қарқында өсуіне жағдай жасауға ұмтылудамыз.

Орташа алғанда, Каспий банкінде ШОБ-ты несиелендіру бойынша мөлшерлеме портфелі 18-19% құрайды. Бірақ біз қазір мөлшерлемелерді жоспарлы төмендетуді көздеп отырмыз. Мысалы, өткен аптада біз несие бергені үшін төленетін комиссияны екі есеге азайту туралы шешім қабылдадық, бұған дейін біз оны тез өсіп кетпес үшін көбейткенбіз. Жақын арада біз пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, қалай болғанда да, оны сапалы клиенттер үшін азайтатын боламыз.

Несиені бұрынғыдай беріп жатырмыз,тіпті жедел несиелеуді де тоқтатқан жоқпыз. Бізде несие беру талаптары емес, клиенттерді талдау және таңдау күшейді. Басқа банктерде мерзімі өткен несиесі бар клиенттерге біз ақша бермейміз. Бұл түсінікті де және бұған ешкім қарсылық білдірмейтін шығар деп ойлаймын . Және біз басқа банктерде несиесі көп тұлғаларға, оларды ертеңгі күні қарызын өтей алмайтындай қиын жағдайда қалдырмас үшін несие бермейміз. Бізде несиелендіруден бас тарту көлемі екі есеге артты, егер бұрын «ЖОҚ» дегенді несие алғысы келетіндердің 15% айтсақ, қазір 30%-нан бас тартамыз.

Бұл Қазақстандағы несие жүгінің жоғарғы деңгейде екенін, сондықтан бізге біршама сапалы клиенттерді таңдауға тура келетіндігін білдіреді. Жаңа өнімдерге келсек, біз оларды іске қосуға дайынбыз. Кем дегенде 50 мың теңге тұрақты жалақысы бар, басқа банкте мерзімі өткен несиесі жоқ кез келген адам біздің банктен бір күнде кепілсіз 12 мың долларға дейін несие ала алады. Бұл өнім Алматыда осы аптаның соңында, сосын бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылады. Ол бойынша мөлшерлеме 20% шамасында, яғни қамсыздандырылған несиелер мен жедел несиелердің аралығында, қарыз алушының тәуекел деңгейіне байланысты өзгереді».


Сұрақ: Грузиядағы жағдай: сіздің банкке әсер ете ме?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Біз Қазақстаннан тысқары дамыған жоқпыз, біздің ол жақта ешқандай бизнесіміз жоқ. Біз алдағы үш жылда Қазақстаннан тыс шықпайтынымызды айтқанбыз, ол шешім өзгерген жоқ. Біз өз елімізде шоғырланамыз, сондықтан экономикалық тұрғыдан алғанда Грузиядағы жағдайдың бізге ешқандай қатысы жоқ.
Менің ойымша, ол жақта болып жатқан жағдай кез келген адам үшін – трагедия, себебі қарапайым адамдар қаза табуда. Мұндай шиеленіске жеткені өте өкінішті».


Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай туралы сұрақтар: болжамдар, алданған үлескерлердің ұсыныстары мен олардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың құрылуына қатысты пікір?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Менің ұстанымым өзгерген жоқ. Қыркүйек-қазанда жылжымайтын мүлік бағасының қисынды өсуі басталады, осы жазда ол өзінің ең төменгі шегіне жетті. Қазір барлығы сатып алуға қызығушылық білдіруде, бірақ мен биыл жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай өседі деп ойламаймын, алайда мәмілелер санының өсуімен қатар бағаның да өсетіні анық.   

Үлескерлерге келсек, кез келген үлескерлік – бұл инвестиция және ережеге сай инвестиция ақша тартатын тараптың жауапкершілігін талап етеді. Мемлекет бұл жауапкершілікті заңды әдістермен қолдау үшін, былайша айтқанда, адамдар «босаңсып кетпес» үшін инфрақұрылым қалыптастырады. Сондықтан мемлекеттің үлескерлерді мейлінше қорғау мақсатында құрылыс бизнесінің біршама мөлдір болуына күш салуы, оңтайлы қадам. Үлескерлермен болған жағдай – бұл капиталистік экономиканың нәтижесі. Өз міндеттемелерін орындай алмаған құрылысшылар жаңа үлескер іздейді, дұрыс шешім қабылдамай сенімсіз адамдарға сенім артқан үлескерлер, өкінішке орай, өз ақшаларын жоғалтады. Менің ойымша, адам дұрыс шешім қабылдамаса, онда ол үшін банктер де, мемлекет те төлеуге тиісті емес. Мен өмір бойы өз қателіктерім үшін өзім жауап бердім және ешқашан ешкімнен мен үшін оларды өтеуін сұраған емеспін. Адам несие алғанда, ол оны төлей алады ма, жоқ па соны есептеуі керек. Әрине, әрбір жеке жағдайда бұл – отбасы үшін трагедия. Маған мұны талқылау өте ауыр.

Каспий банкі құрылыс бизнесіне қызықпағандықтан, бізде мұндай жағдайлар аз. Жалпы, кәсіпкерлермен несиелендіру мәселесін қозғасақ, менің ұстанымым мынадай: егер қаржылық жағдайын түзету үшін адамға аз да болса ұсыныс жасауға мүмкіндік болса – ұсыныс жасау керек, алайда менің және филиалда қызмет көрсетілетін клиенттің арамызда қанша адамдар мен рәсімдер бар. Мен барлық клиенттермен тікелей сөйлесе  алмаймын. Сондықтан қазір біз өз тарапымыздан талдау жасап, клиенттерді несие алғысы келетін әрі оны төлей алатын және несие алғысы келетін, бірақ төлей алмайтын немесе уақытша қаржылық ауыртпалығы бар клиенттерге бөлуге мүмкіндік беретін өнімдерді ұсынамыз. Біз оларға қиыншылықтарын жеңуге көмектесетін шешім ұсынуға тырысамыз. Халықтың кірісінің төмендеп кеткені ешкімге құпия емес, бұл жағдай бір жылға жалғасуы мүмкін, сондықтан біз олардың жағдайын түсінуге тырысамыз. Бірақ банктің қайырымдылық қор емес екенін түсіну қажет».


Несие портфелінің сапасы мен таза пайда туралы сұрақ: осы көрсеткіштердің төмендегеніне қандай түсініктеме бересіз?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Қазір барлығының несие портфелінің сапасы былтырғы жылға қарағанда, нашар. Каспий банкі басқа банктерге қарағанда, өте үлкен провизияларды қалыптастырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда, олар екі есе көбейді, біз бұларды ықтимал тәуекелдерді жабу үшін жасаймыз.
Каспий банкінің инвесторларға ұнайтын себептерінің бірі де осы. Біз жағдайды дұрыс бағалай білеміз және оны біздің сандарда көрсетуге тырысамыз.
Басқа банктердің қор туралы провизиялар қалыптастыруға батылдығы жетпейді. Олар қазір көбіне  проблемалық несиелерге көңіл бөлуде. Біздің тарапымыздан провизиялардың екі еселенуі қорғаныс механизмі секілді, бұл қалыпты жағдай. Біреулер проблеманы уақтылы бағалап, дер кезінде шешуге тырысады, ал кейбіреулері оны бір жылдан кейін шешкісі келеді. Бірақ бір жылдан кейін ол қар үйіндісі секілді 12 есе ұлғаяды. Ал таза пайда көрсеткішіне келсек, ол былтырғы сандардан 15%-ға азайды. Динамика тұрғысынан - бұл банк нарығындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, өйткені басқаларда бұл көрсеткіш бұдан да төмен».


Сұрақ: сіздер нашар несиелермен қалай жұмыс істейсіздер?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Біз мәселені жан-жақты шешеміз. Сырттан коллекторлық агенттіктерді, егер олар бізден де жақсы жұмыс істейді деп шешсек қана тартамыз.  Біздің бизнесіміз – несиені жинау емес, оларды беру. Қазірде несиенің мерзімін өткізудің бастапқы кезеңінде клиентпен жұмыс істеуге көп уақытымызды жұмсап отырмыз. Көбінесе клиенттерге төлем мерзімін одан ары кешіктірмес үшін қандай шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетеміз. Клиентке төлемі барын есіне салу өте маңызды болғандықтан, біз көбінесе уақытымызды осыған кетіреміз».


Активті сатып алу туралы сұрақ: басқа қаржы ұйымдарын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырсыздар ма, акционерлер не сатып алатындарын шешті ме?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Біз келіссөздер жүргізудеміз. Мақсатты көрсеткіштер мен бізді қызықтыратын компаниялар таңдалды».

Каспий банкі директорлар кеңесінің басшысы
ВЯЧЕСЛАВ КИМ:
«Қазір инвестиция жұмсап, кез келген активті сатып алғанға қолайлы кезең. Өз зейнетақы қорымызды немесе брокерлік компаниямызды құруға уақытты үнемдеу үшін біз портфолионы қарап отырып, бірнеше меншік иелерімен  келіссөздер жүргізуге келісіп қойдық. Қазір біз орта жолдамыз».
 

Сұрақ: Каспий банкі портфелі, сондай-ақ бизнесі жағынан Темірбанкке өте ұқсас. Бірақ ол сатылады, ал Каспий банкі сатылмайды. Айырмашылық неде?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Темірбанктің акционері – БТА, ол ірі компания болғандықтан, менің ойымша, акционерлерге екі банкті алып жүрі қиын. Негізгі меншік иесі БТА үшін Темірбанк кезінде инвестициялар нысаны болды деп ойлаймын, сондықтан оны сататындығы таңқаларлық жағдай емес. Банктің тағы бір банкі болған жағдайда, мұндай инвестицияға капиталдың көп бөлігі жұмсалады, яғни бұл қоржынға салмақ, сол себепті жеке өсім үшін одан арылу қажет. БТА Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де ірі бизнесті банк, сондықтан ары қарай даму үшін мен БТА-ның орнында болсам, дәл осылай істер едім».


Сұрақ: Қазақстанда экономикалық рецессия бар ма?

ВЯЧЕСЛАВ КИМ: «Бұл туралы айту қиын, өйткені біз екіжақты жағдайда тұрмыз. Біздің экономикамыз әлемдегі нарықта бағасы күннен-күнге жоғарылап жатқан шикізатқа тәуелді. Үкіметіміз экономиканың нақты орындарына қажетті қаржылай қаражатты дер кезінде жіберуде.
Жалпы, мен, егер дағдарыс болмағанда, оны ойдан шығаруға болар еді деген тезисті ұстанамын. Қазіргі бастан кешіп жатқан дарғдарыс - бір «салқын душ» секілді быраз сергітіп пайдасын тигізді. Егер бізде Оңтүстік Кореядағыдай проблема лезде етек жайып, не үкімет, не басқарушылар тоқтата алмағанда, онда түсінуге болар еді. Ол елдің экономикасы бірден құлдырады. Ал Қазақстанда дағдарыстың ең алғашқы нышандары енді білінуде. Өйткені біз шикізатқа өте тәуелдіміз, ал оның бағасы әлемдік нарықта күннен-күнге артуда. Еліміздің қоры үлкен.

Қазіргі таңда кейбір экономика секторларының жағдайы нашарлап жатқанын түсінемін, алайда үкіметіміз нақты секторға жетімильдік қадаммен қаржы салатын болса, онда бұдан біз болашақта зардап шегетін боламыз. Билік көмегінің мультипликаторы тағы да экономиканың нақты секторының үрленген шарға айналуына әсер етуі мүмкін. Біз осы кезеңнен аман өтсек болды, ақ пен қара жолақтардың алмасатыны сияқты, бұл да бір өтпелі кезеңдердің бірі».
  

Сұрақ: жаңа іскерлік маусымның алдында халыққа, шағын және орта бизнес өкілдеріне не айтар едіңіз?

ВЯЧЕСЛАВ КИМ: «Бизнес өкілдерінің 80% пролемаларды жіті түсінетін шақ туғанын сеніммен айта аламын. Біз тек  өзінше тұйықталған жүйе болмағандықтан, әрине бүкіл әлемде болып жатқан дағдарысқа тәуелдіміз. Жалпы болжамға келсек, АҚШ-тың Резервті Федералдық жүйесін 20 жылдай басқарған Алан Гринспен бізден артық білер деп ойлаймын. Оның болжамы бойынша, біз әлі бір жылдай «су түбінде» жүре тұрамыз. Қазақстандық бизнеске проблемаларды сезіну бизнес үдерістерді оңтайландыруға, бизнес жоспарларды реттеп, қайта құруға мүмкіндік береді. Осының бәрін ойластырғанға уақыт бар. Бір қолыңмен ескекті есіп, бәсекелестерді қуып жету, екінші қолыңмен қайық ішіндегі командаңа нұсқау беріп отыру қиын ғой. Ал қазір бәрі біршама тынышталды, ешкім ешқайда асықпайды. Бұл өте қолайлы жағдай. Көптеген бизнесмендер банктермен серіктес ретінде жұмыс істей бастады. Яғни олар өздерінің басқарушылық есептерін әкеліп, жағдайларын түсіндіріп және несие төлеуге қабілетті екендерін айтуда. Жарты жыл бұрын олар «бақытты» күн кешіп, бәрі жақсы деген кейіппен жүрсе, шын мәнісінде олар сатылымдарының төмен, несиенің мерзімін өткізгендерін түсініп, активтерін сатып, қатты күйзеліс үстінде болатын. Ал қазір олар банктің өз бизнесін құрудағы көмекшісі екенін түсінді, сондықтан сен банкке келгенде өз проблемаларыңмен бөлісіп және оларды шешу жолдарын айтсаң, өз клиенттерін қадірлей білетін банктер талаптарын қайта қарайды дер едім. Жарты жыл бұрын мұндай диалогтың болуы екіталай еді.
Бұрын былай болған: «Егер сен несие алғың келсе, банкке барып, оның саған аса қажет екенін дәлелдеуің керек еді». Қазір қаржы мекемелерімен жұмыс істеудің дұрыс жолы қалыптасып келеді. Бұл кезеңнің жақсы жағы, көпшілік банкроттықтың қаупін түсіне бастады».

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Бір күні мен ШОБ жөніндегі несие комитетінде болдым, әңгіме бір клиент жайлы болды. Оның базарда 2-3 контейнері бар екен, ең алғашқы табысына «Порш-Кайен» сатып алыпты!!! Сонда ол алғашқы табысына төртінші, бесінші контейнер алудың орнына, машина сатып алған. Адамдар ендігі жерде алдымен кешіріңіздер «мақтануды» емес, өзінің бизнесін ойлайтын шығар деп үміттенемін» .
 

Сұрақ: халықтың төлем қабілетін қалай бағалайсыз және қазіргі жағдай орташа деңгейлі қазақстандықтарға қаншалықты әсер етті деп ойлайсыз?

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: «Биыл банк ақшасының 17 млрд. доллары өткен жылдағыдай экономиканы қаржыландыруға жұмсалған жоқ, олар қарыздарды өтеуге кетті. Орташа деңгейлі тұрғындарға бұл жағдай ауыр тигені түсінікті. Егер бұл соманы осынша ақшаны алуы ықтимал адамдардың санына бөлсек, мұның сұранысқа әсерін бірден байқайсыз. Бірақ уақыт өте келе банк несиелендіруі қайтадан айналымға түседі, адамдардың табысы  көбейеді. Егер Қазақстанның ірі кәсіпорындарында жұмыс істейтін 3,5 млн. жуық адам 17-18 млрд. доллар табыс табады деп есептесек, бөлшекті несиелендірудің барлығы 20 млн. доллардай болады. Сонда салыстырсақ, бір адамның несие жүктемесі орташа есеппен адамның бір жылдық жалақысына тең болады екен. Төлемге қабілетті сұраныс бар, тек пайыздық мөлшерлемені дұрыс ұсына білуіміз керек. Мысалы, біздің іске қосайын деп жатқан өніміміз адамдар үшін қолжетімді болады».







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер