Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

2008 жылдың негізгі нәтижелері:

Шоғырландырылған аудит жүргізілген қаржылық есептілік

 

АКТИВТЕР – 267 миллиард теңге

НЕСИЕ ПОРТФЕЛІ – 192 миллиард теңге
КЛИЕНТТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТЕРІ – 129,4 миллиард теңге
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ – 44,1 миллиард теңге
КАПИТАЛДЫҢ БІРДЕЙЛІГІ* -25,5%
ТАЗА ПАЙДА - 4 миллиард теңгенге
НЕСИЕ/ДЕПОЗИТТЕР ҚАТЫНАСЫ ** – 141,4%

*Капиталдың бірдейлігі. Егер капиталды автомобильдің қауіпсіздік жастықшасымен салыстырсақ, онда бірдейлік – осы жастықшаның қалыңдығы мен сенімділігі. Капиталдың бірдейлігінің ең төменгі көрсеткіші халықаралық стандарт бойынша - 8%, kaspi bank-інде ол үш есеге артық! Бұл банктің жоғары сенімділігі мен оның өсуі үшін тамаша мүмкіндіктердің көрсеткіші.

**Несие/депозиттер. Бұл қатынас қандай да бір деңгейде банктің несиелеу үшін ақшаны тартудың басқа тәсілдерін қолданбастан, клиенттерді халықтан тартылған депозиттердің есебінен несиелей алатындығын көрсетеді. kaspi bank-індегі бұл қатынас – бүкіл қазақстандық банктер арасындағы біршама тиімді қатынас.

Өткен жылдың ішінде kaspi bank-інің акционерлері түскен пайданың есебінен меншікті капиталды 7% көбейтті. Нәтижесінде қазақстандық банктердің арасындағы ең жоғарғыларының бірі, kaspi bank капиталының бірдейлігі бұдан да жоғарылай түсті - 25,57%.

Клиенттердің депозиттері жеке тұлғалардың сенім артуының арқасында 45%-ға, 129,4 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл соңғы жыл ішіндегі қазақстандық банктердің арасындағы ең үздік нәтиже.

Несиенің депозиттерге қатынасы бойынша дәл қазіргі сәтте банк Қазақстандағы ең алдыңғы орында тұр. Бұл коэффицент сыртқы қарыздардың ең төменгі деңгейін көрсетеді. 2009 жылы kaspi bank ешқандай сыртқы төлемдерді төлемейді, банктің тек төлем мерзімі 2013 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қарызы ғана бар.

– Біз жақсы нәтиже көрсеттік, – деп мәлімдеді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Депозиттердің айтарлықтай өсімі – біздің қазақстандықтардан алған ең үздік бағамыз. 2008 жылы біз сондай-ақ халыққа және ШОБ-қа шамамен 250 мың несие бере отырып, несиелеу ісін белсенді жүргіздік. Биылғы жылы, біздің банк жекелеп несиелеуде бірден бір ойыншы болған кезде, біз тұтынушылық несиенің көлемін 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Егер біз қазақстандықтарға ай сайын 15-20 мыңнан несие берген болсақ, онда биылғы жылы біз несие беруді 40 мыңға дейін көтереміз.

kaspi bank-інің 2008 жылғы пайдасы 4 миллиард теңгені құрайды, бұл бізді Қазақстандағы ең табысты банктердің бірі етеді, – дейді Михаил Ломтадзе. – Өткен жылмен салыстырғанда түскен пайда 50%-ға төмендеді. Пайданың төмендеуі негізгі 3 факторға байланысты:

  1. бір жағынан біз депозиттік қорды ұлғайттық, екінші жағынан ақшаны консервативтік тұрғыда орналастырдық;
  2. біз тәуекелдерді бағалауда барынша консервативтік болғандығымыздан, банк үлкен провизиялар жасады;
  3. банктің бағалы қағаздар нарығы мен валюта нарығындағы белсенділігі төмен. Бұл біздің негізгі бизнесіміз емес деген шешім қабылдадық.

Жылдың нәтижесі туралы айта келе, kaspi bank-інің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким өз тарапынан былай деп түсіндірді: «Бізде өзіңнің балансыңды «көпірту» міндет емес, ең алдымен, банктің меншік иелері мен топ-менеджменті ұзақ мерзімді бизнесті құрады. Әлемдегі қысылтаяң экономикалық жағдайға қарамастан, біз дағдарыстың салдарынан қызметкерлеріміздің санын қасқартып немесе филиалдарымызды жапқан жоқпыз. Осы уақыт аралығында біз несиелеуді тоқтатпадық, ребрендинг жүргіздік және жаңа несие өнімдерін қолданысқа енгіздік. Біздің ауқымды клиенттік базамыздың бізге деген сенімінің артуымен қатар, бізге ұзақ мерзімді қаржысын бөлуді жалғастырып отырған халықаралық қаржы институттарының да бізді дұрыс бағалағанына көз жеткізіп отырмыз».

Шынында, kaspi bank – 2008 жылы алдыңғы қатарлы халықаралық институттардан қаражатты белсенді тартқан бірден бір қазақстандық банк. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 2008 жылы 220 миллион долларды құрады. Биылғы жылы банк халықаралық институционалдық инвесторлардан ұзақ мерзімді қаражатты тарту және депозиттік қорды ұлғайту жұмыстарын жалғастырады.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ инвесторы болып табылады. www.kaspibank.kz 

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7 (701) 223-87-85
 +7 (777) 232-51-12

Алматы, Қазақстан:
7 сәуір 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер