Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Капийский» Банкі» АҚ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен $60 миллион доллар ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартты

Каспий банкінің Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен тартқан кезекті, 5 жылға арналған $60 миллион доллар мөлшеріндегі қарызы есеп бойынша шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландыру саласындағы ЕҚДБ-дан алған екінші қарызы болды. Мұндай соманы Каспий банкі 2007 жылдың аяғында алған. Нәтижесінде Каспий банкі тек соңғы жарты жылда халықаралық қаржы институтынан $120 млн. ұзақ мерзімді қаржыландыру тартты.

– Мұндай қарызды халықаралық нарықтың күрделі жағдайында, қазақстандық банктер үшін өз бизнестерінің өсіміне қолдау көрсетуі үшін қаржылық қоректендіруді қолға түсірудің қиын шағында «көрсеткішті» деп атауға болады, – деп есептейді Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – ЕҚДБ біздің алдағы уақытта да өзара ынтымақтастығымызды жалғастыратын сапалы әрі ұзақ мерзімді серіктесіміз болып табылады. Каспий банкінің аталған ірі халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту бойынша жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруы банктің өзіндік сенімділігі мен ашықтығын, сондай-ақ басқарушы команданың кәсіби деңгейінің жоғары екенін білдіреді.

ЕҚДБ-ның банктік несиелеу директоры Жан-Марк Питершмит өз тарапынан ағымдағы өтімділіктің ғаламдық тоқырауы жағдайында Қазақстанның қаржы секторын қолдау мүмкіндігіне ризашылығын білдірді. «ЕҚДБ рөлі тұрақты және нақты бизнес стратегиялары бар қаржы институттарын қолдау болып табылады, – дейді Питершмит мырза. – Каспий банкінің алатын кезекті $60 млн. доллары – біздің Қазақстандағы ШОБ-ты несиелендірумен айналысатын көпжылдық серіктестерімізге қолдау көрсетуіміздің куәсі. Біз банктің өтімділіктің тоқырауы салдарынан бизнесі зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін жақсарта алатындығына сенімдіміз».

Бүгінгі күні Каспий банкінің несие портфеліндегі шағын және орта кәсіпорындарға арналған несие мөлшері 55 миллиардтан астам теңгені немесе барлық несие портфелінің 28% құрайды.

ШОБ несиелеу сегментін дамыту банк үшін ең маңызды стратегиялық тапсырмалардың бірі болып табылады. Бизнестің бұл бағыты қаржылық тәуекелдіктер тұрғысынан әртараптандырылған, пайдалы, ұзақ мерзімді сипатқа ие, шектеулі ресурстар кезінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Соңғы жарты жылда Каспий банкінің ШОБ кәсіпорындарына берген несиесінің көлемі 11% артты.

- Тек 2008 жылдың басында біз 53,8 млрд. теңгеден астам сомаға 126,5 мыңнан астам несие бердік, - дейді Михаил Ломтадзе. – Біз биылғы жылы өз портфелімізді сапалы клиенттерді қаржыландыру есебінен өсіруді жоспарлап отырмыз. Жақын арада біз клиенттерімізге қисынды мөлшерлемелер бойынша жаңа өнімдерді ұсынуды жоспарлаудамыз».

«Каспийский» Банкі» АҚ:
«Каспийский» Банкі» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Каспийский» Банкі» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар сынды танымал халықаралық қаржы институттары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 1991 жылы Орталық Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің нарықтық экономикаға көшуіне ықпал жасау мақсатында құрылды. ЕҚДБ-ның инвестициялық құралдары Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы 29 елде нарықтық экономика мен демократияны орнату мақсатында пайдаланылады. ЕҚДБ қазіргі уақытта 2,5 миллиардтан астам АҚШ долларын экономикалық әртараптандыруға, кәсіпкерлік қызмет пен Қазақстанда жұмыс орнын қалыптастыруға қолдау көрсететін жобаларды инвестициялады.


Қосымша ақпарат алу үшін мына мамандарға хабарласыңыз:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі1376)
Эл. пошта:  zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі 1928)
Эл. пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
18 шілде 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер