Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank қайта қаржыландырылатын ипотекалық қарыздардың көлемін 10 есе арттырды

«Самұрық-Қазына» қоры жүргізіп жатқан ипотека несиелерін қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шарттарын жеңілдетуге әрі өзгерістер енгізуге байланысты kaspi bank-інде 2009 жылғы 21 сәуірдегі жағдай бойынша қайта қаржыландырылатын қарыз деңгейі шамамен 10 есе өсті. Бүгінгі таңда 14 сәуірдегі 137 млн. теңгемен салыстырғанда қайта қаржыландырылатын қарыз көлемі 1021 млн. теңгені құрап отыр. Қайта қаржыландыруға берілген өтінімдердің саны күн санап артып, шамамен 150-200 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда kaspi bank шамамен 2 миллиард теңгеге өтінімдерді қарауға қабылдады.

kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасындағы өзгерістердің арқасында банк қарауға қабылданатын өтінідердің көлемін күніне 200 млн. теңгеге дейін арттырды, өтінімді қанағаттандырмау деңгейі қаралатын өтінімдердің 4% дейін қысқарды. Мұны Ломтадзе мырза былайша түсіндіреді: «Бұл негізінен бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келмейтін қарыздар. Мұндай серпін бізге бағдарламаны мерзімінен бұрын игереміз деген болжам жасауға мүмкіндік береді».

Банкте шарттардың көбірек икемделу жағына қарай өзгерісін және бұл өзгерістердің бағдарламаға енгізу жылдамдығын жағымды жаңалық деп түсіндіреді, өйткені бұл қайта қаржыландыру жылдамдығына оң әсер етеді.

Ипотекалық қарыз - талап етілетін құжаттары көп несиенің күрделі түрі, шектеулерді алып тастау, сондай-ақ соңғы қарыз алушымен сапалы байланыс енді қарыздарды тиімді қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Өткізіліп жатқан шаралар (ипотеканы қайта қаржыландыру, шағын және орта бизнесті несиелеу, банктердің капиталына қатысуы, депозиттік қорды беру және сақтандыру) кешенінде қаралатын мемлекеттің бөліп отырған қаражатының макроэкономикалық әсері қазақстандық экономиканың тұрақтылығы мен дамуына жағдай жасайды. Халықаралық тәжірибенің өзінде мұндай мемлекеттік бағдарламалар кешенінің мысалы өте аз.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ инвесторы болып табылады. www.kaspibank.kz 
 
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. почта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7 (701) 223-87-85
            +7 (777) 232-51-12

Алматы, Қазақстан
2009 жылғы 21 сәуірде







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер