Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Каспийский» Банкі» АҚ «Мөлдірлікке талпынғаны үшін» дипломымен марапатталды.

Қазақстан Қор биржасы  (KASE) Каспий банкін 2007 жылғы қаржы ұйымдары – «А» санатты листинг компаниялары арасында «Мөлдірлікке талпынғаны үшін» дипломымен марапаттады. Бұл марапат – осы санаттағы ең жоғарғысы.

– Біз KASE акционерлерінің осындай баға бергені үшін алғыс айтамыз, – дейді Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біздің банк бизнесіндегі үздік халықаралық   тәжірибені ендіруге деген талпынысымызды, банктің әр клиентіне сондай-ақ біздің халықаралық инвесторларымызға қатысты ашықтығымызды Қазақстанның қаржы қауымдастығы мойындады. Біз Қазақстан мен Орта Азиядағы ең үздік бөлшекті банкті қалыптастыра отырып, бұдан әрі де ашықтық ұстанымдарын сақтайтын боламыз. 

Банкке Baring Vostok тікелей инвестициялар қоры келгеннен кейін, Каспий банкінің меншік құрылымын қазақстандық банктердің арасындағы ең қарапайым және түсінікті құрылымдардың бірі деп айтуға болады.

Caspian Group B.V. банк холдингі банктің меншік иесі болып табылады. Бұл ретте холдинг акцияларының 51% Baring Vostok тікелей инвестициялар қорына, 49% – Каспий банкінің директорлар кеңесінің төрағасы  Вячеслав Кимге тиесілі.

«Каспийский» Банкі» АҚ:
«Каспийский» Банкі» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Каспийский» Банкі» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар сынды танымал халықаралық қаржы институттары  бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына мамандарға хабарласыңыз:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі1376)
Эл. пошта:  zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі 1928)
Эл. пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан: 
3 шілде 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер