Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін 2016 жылғы 18 мамырда өткен Банк акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама.

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 18 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы хабарлайды.

17 347 662 дауыс беруші акцияларды (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 96,2%) иеленетін 1 акционер қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

Енгізілген өзгерістерді ескеріп, «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Күн тәртібі:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2015 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
  4. «Kaspi Bank» АҚ-тың бір жай акцияға есептегенде 2015 жылғы дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  5. 2016 жылы «Kaspi Bank» АҚ-тың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
  6. Акционерлердің «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері және оларды қарау қорытындысы туралы мәселені қарау;
  7. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшелерін жаңа мерзімге қайта сайлау туралы;
  8. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін орындағаны үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысының мөлшері мен оны төлеу талаптарын анықтау туралы; ;
  9. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс

2. Аудитордың Есептері ескеріліп, «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары «Kaspi Сақтандыру» АҚ-тың, Caspian Capital B.V.-ның және «АРК Баланс» ЖШС-ның 2015 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс

3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2015 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін, Банктің Шоғырландырылмаған кірісі (2015 ж.)

мың.тг.
Бухгалтерлік есеп бойынша 2015 ж. кіріс 10,272,456
ХҚЕС түзетулері:
Артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтер бойынша Банк бойынша түзету жазбасы (10,500)
ХҚЕС бойынша 2015 ж. кіріс (шоғырландырылмаған) 10,261,956

2015 жылғы нәтижелер бойынша «Kaspi Bank» АҚ-тың таза табысын бөлу жөніндегі ұсыныс

мың.тг.
Көрсеткіш мың.тг.
Банктің 2015 жылғы таза кірісі 10,261,956
Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төлеу Бір артықшылықты акцияға 21 теңге есебінен
Жай акциялар бойынша дивиденттер төлеу Жоқ
Банктің қорына аударымдар Таза табыстың қалған бөлігі

«Жақтаушылар»- 17 347 662 дауыс

4. 2015 жылғы қорытынды бойынша «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін.

• «Kaspi Bank» АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жай акциялар бойынша дивидендтердің төленбейтіні туралы ақпаратты жарияласын.

«Жақтаушылар»  - 17 347 662 дауыс

5. 2016 жылы «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын.

«Жақтаушылар» - 17 347 662 дауыс

6.«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері жөніндегі ақпарат назарға алынсын.

«Жақтаушылар» - 17 47 662 дауыс

7. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері дәл сол құрамда қайта сайлансын:

  1. Ким Вячеслав Константинович;
  2. Ломтадзе Михеил;
  3. Койайдарова Гульнара Жаншаевна - Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор.

«Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттілік мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.

«Жақтаушылар»  - 17 347 662 дауыс

8. ҚР заңнамасына сәйкес барлық салықтар мен міндетті аударымдар төленгеннен кейін Директорлар кеңесінің мүшелеріне осы Хаттаманың Қосымшасына сай мөлшерлерде ай сайынғы негізде сыйақы белгіленсін. Директорлар кеңесінің олардың өз міндеттерін орындауына байланысты шығыстары нақты жұмсалған шығыстарға сәйкес өтелсін

«Жақтаушылар»  - 17 347 662 дауыс

9. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының өзгерістері бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының өзгерістеріне қол қою, өзгерістерді нотариатта куәландыру, тиісті түрде әділет органдарына хабарлау және өзгерістердің нотариатта куәландырылған көшірмесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу өкілеттігі берілсін.

«Жақтаушылар»  - 17 347 662 дауыс







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер