Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Александр Винокуров. Ол жарыста жеңілмейді!

Елімізді күллі әлемге танытқан велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жетістіктер мен жеңілістерінің тарихы.


Қазақстанда Александр Винокуров деңгейіндегі велошабандоз жоқ. Енді болмауы да мүмкін. Өйткені оның спорттық ғұмыры мен өмірі өте қызық. Қиындықтар мен жеңістерге толы. Үйленіп, үш балалы болып, екі рет үлкен спорттан кеткені туралы хабарлап, қайта оралып, допингке туралы шудың «кейіпкері» болып, төрешілерді сатып алды деген айып тағылып, квалификациясынан айырылуды бастан кешірді. Бірақ өз беделін түсірмеді, сонымен қатар көптеген жеңістер мен алтын медальдар арқылы Қазақстанды бүкіл әлемге танытты!

Александр кәсіби спорттық өмірін 1997 жылы бастады. 3 жылдан соң Сиднейдегі Олимпиадада күміс жүлдегер болды. Спорттағы ғұмырын 39 жасында, 2012 жылы Лондон Олимпиадасының алтын алқасын тағып аяқтады.

- Александр, ең алғаш велосипедке қатты қызыққан сәтіңіз есіңізде ма?
- Бала күнімде мен күрес, бокста бағымды сынап көрдім, бірақ бұл уақытша қызығушылықтар болды. Әлі есімде 10 жасымда біздің сыныпқа велоспорт жаттықтырушысы келіп, арнайы секцияның ашылғаны туралы хабарлады. Бүкіл сынып болып барып жазылдық. Басында қызығушылық үшін қатысып көрген едім. Кейін велоспорт өзіне тарта берді. Велосипедтен түспейтін болдым. Ата-анам 80 шақырым қашықтықтағы ауылға машинамен кеткенде, мен олармен қатарласып велосипедпен баратын едім. Жаттығудың ұнағаны соншалық, бірде-бірін жібермеуге тырыстым. Жылына ары кеткенде 5 жаттығуды жіберген шығармын. Тіпті қолым сынған кездің өзінде тоқтамастан жаттықтым. Әкем рөлге паралон орап берді, мен ары қарай гипстелген қолмен велосипед айдап жүрдім. Сол қызығушылық үлкен спортқа жетеледі. 23 жасымда Франциядан шақырту алдым. Қандай болашақ күтіп тұрғанын білмесем де, велоспорт үшін бөтен елге жалғыз аттанып кеттім. Үш айдан соң қасыма досым Андрей Кивелев қосылды. Екеуміз бірден кәсіби келісім-шартқа қол қойдық.

- Өкінішке қарай досыңыз жолда қаза тапты. Сіз жеңіске жеттіңіз. Сол жарыс сізге қалай әсер етті?
- Досымның қазасынан кейінгі екінші күні мен бар күш-жігерімді жинап, жарысты жалғастыруым керек болды. Әрине, мен оның отбасына барып, жақындарының қазасына ортақтасқым келді. Бірақ, мен бар жігерімді жинап, жарыста жеңімпаз болуды шештім. Әрі оны досыма арнадым. Ол өте қиын күндер...

- Әрбір ауыр жарақаттан соң үлкен спортқа оралу қиын болатыны белгілі? Мұндай жағдайда бәсекелестердің артықшылығы анық сезіледі. Бірақ, бәрібір жарысқа оралдыңыз...
- Бұғанамды сындырып, 5-6 рет операция жасатуға тура келді. 2004 жылы осыған байланысты Олимпиада ойындарына қатыса алмадым. Ең ауыр жарақат деп жамбасымның сынғанын айтуға болады. 2012 жылы Олимпиаданың алдында Тур де Франста құлап, жамбасым сынған сәтте осымен спортық мәнсабым аяқталды деп ойладым. Бірақ, өзімнің ешқашан мұндай жағдайда спорттан кетпеуім керектігі туралы армандайтыным еске түсті. Достарым, менің ешкімге ештеме дәлелдеуімнің қажетсіздігін айтып, өзімді қинамау туралы үгіттегені де менің райымнан қайтармады, ақыры үлкен спортқа қайта оралдым. Құдай маған «сен жеңіске лайықсың және мәнсабыңды жеңіспен аяқта» деп тұрғандай болды. Қиналып жаттығу залына барып жүрдім, кейін оған бассейн қосылды. Дәрігерлер бұған таңқырқап, естері шығып қарайтын. Егер мен құласам, жамбасым алғаш сынған сәтіне қайта келетін еді. Бірақ, мен үш айдан соң жарыс жолына шықтым. Жарақат алып жатқанда спорт мен үшін екенін ұқтым. Одан басқа жаным сүйетін ештеме жоқ екенін сезінген сәтте құлаған соң, тұрып, ары қарай жүру керек деп шештім.

- 2007—2009 жылдары допинг қолданды деген желеумен біліктіліктен уақытша айырды. Осы бір қиын сәттерді қалай өткердіңіз? Жағымсыз жайтты өткізіп, жарыс жолына қайта шығу қиын болған жоқ па?
- Бұл менің имиджім, командамның беделі үшін де үлкен моральдық соққы болды. Ол оқиғаның басты себебі Тур де Франс ұйымдастырушылары арасында келіспеушілік болды. Біз дәл осы кезеңдегі кикілжіңге тап келдік те, жаңа команда болған соң, «құрбандық» болдық... Біз фавориттердің бірі едік, бізге осылай кедергі жасалды...
Өте қиын болды. Бірақ, біз ешкімнен жасырынбадық. Мен үшін өмірімдегі осы бір қиын күндерді еске алу қиын. 2 жыл біліктілігімнен айырылдым. Бірақ, 2009 жылы спортқа оралған сәтте, үш бірдей жеңіске қол жеткіздім. Одан кейін 2010 жылы Тур де Франста кезеңдік жарыста жеңімпаз атандым. Барлық өсекке біз жарыс жолындағы жеңістермен жауап бердік. Бұл жеңістер өсек емес, нақты факт.

- Өкінішті жеңістерді қалай жеңдіңіз? (мәреге бірнеше метр қалғанда жеңілу сәттері жиі кездескен шығар)?
- Мен мұндай жағдайларға келесі жарыстардағы жеңістермен жауап беруге тырыстым. Тек бірінші орын үшін ұмтылдым. Жеңіліссіз жеңіс болмайды.

- Үлкен спорттан соң қалыпты өмірге бейімделу қиын болған шығар?
- 2012 жылғы Олимпиада ойындарынан соң, 39 жасымда спорттық мәнсабымды аяқтап, үлкен спорттан кеттім. Бастапқыда немен айналысарымды білмедім. Бірақ, мен үшін тағдыр сәттілік сыйлады. Pro Team Astana командасын басқарамын. Бұл – «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландыратын кәсіби велошабандоздар командасы. Менің мұндағы міндетім демеушілермен жұмыс, әкімшілік басқару, спорттық брендті дамыту.

- Спортта тұрақты түрде көшбасшы болып қалуға не көмектесті?
- Өмірде қиындықтар көп болады. Сабырмен жағдайды бағамдап, әрекет ету керек.

- Спортта жетістікке жетумен қатар, отбасылық өміріңіз де жетістікке толы. Іргесі берік жанұяны қалыптастыру құпиясын айта кетсеңіз?
- Жеңістердің барлығын мен отбасыма, балаларым мен әйелім Светланаға және еліме арнадым. Отбасыңның қолдауынсыз бұл жеңістер болмаушы еді. Жарым үйдегі үйлесімділіктің символы, өте берік тыл. Сондықтан жарыстарға кеткенде балаларыма алаңдамайтынмын. Олар қазір Францияда тұрады. Ол жаққа көшіп барған алғашқы 2-3 жыл олар үшін қиын болды. Тілді, елдің салтын-дәстүрін білмеді, жарым болса балалар мен маған бола жұмысын тастады. Кез-келген әйел ондай қадамға барып, өз жұмысын құрбандыққа шала бермейді. Жарыма үлкен алғыс айтамын. Әрине, спорттық мәнсабымды аяқтаған соң, жақын боламыз деп ойладық. Бірақ, өмір сондай- қашықтықта өмір сүруге тура келіп тұр. Екі елде тұрамыз, тек жаңажылдық демалысты бірге өткіземіз.

- Біз спорт, отбасы, еліміз туралы әңгімелестік. Сіз біздің клиентсіз, kaspі bank-ке неліктен сенесіз?
- Бес жылдан бері қазақстандық kaspі bank-тің клиентімін. Банк басшылығын жеке танимын. Өткенде банк қара пиардың нысаны болған кезде, мұның барлығы өсек қана екендігін бірден сезіп, достарыма жалған ақпаратқа сенбеулерін айттым. Бұл жағдайлар тек банк ұжымын ұйымшыл қылған сияқты.

- Өмірінде қиындықтар кездесетін қазақстандықтарға қандай кеңес бересіз?
- Мен барша қазақстандықтарға қиындықтарға қарамастан тек алға жылжуды тілеймін. Өмірлері тек «ақ жолақтан» тұрсын әрі мықты денсаулық тілеймін!







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер